Яһуди дінбасы COVID-19 вирусын «Яжүж-Мәжүждің әскерлері» деп отыр

0
355

Жаһанды алаңдатып отырған аты жаман індет Қытайда таралып жатқан кезде кейбір мұсылман азаматтар, «бұл жаратушының Қытайға жіберіп отырған жазасы» деп болжағаны есімізде. Арада бірер ай өткенде бұл жұқпалы ауру жердің бетіне тұтас жайыла бастады. Яғни оның «қытайлықтарға тура келген зауал емес екендігі» белгілі болды. Дегенмен аты жаман аурудың неден пайда болғаны туралы болжамдар толастар емес. Біреулер «қытайлар әдейі таратып отырған биологиялық соғыс» десе, екіншілері «тәңірдің жазасы» дегенге тянақтаған сыңайлы. Яғни әр саланың мамандары әр түрлі болжамдарын ортаға салып жатыр. Осыдан бір айдың алдында тағы да сондай бір болжам әлемдік БАҚ беттерін шарлап кетті. Дәлірек айтсақ, Израйлдың «Breaking Israel News»сайты, Иерусалимдегі яһуди раббиы (иудей дін басшысы)Иосиф Бергердіңболжамын жариялады. Иосиф Бергердің айтуынша «адам баласынабірінен кейін бірі келіп жатқан, эболла, оба, корона вирусы (COVID-19), секілді індеттер, тарихтағы исрайл қауымы Мысыр жерінен кетерден бұрын құдайдан келегн «он апаттың» қайталануы» екен. Иосиф бұл сөзін Мұса пайғамдардың айтқандарына негізделіп айтып отырғандығын алға тартқан. «Кезінде Мұса ғайссалам, «Иса көктен түсерден бұрын, Мысырлықтарға келген «он апат» пен ғажайыптар қайталанатындығын» айтып кеткен екен. «Он апаттың» қайталануы, Исаның көктен түсетін күнінің жақын қалғандығын меңзейді. Алдағы уақытта Мысырлықтар көрмеген таңғажайыптартуылуы да мүмкін. Бұлар Яжуж-Мәжуждың соғысы болар алдындағы дайындық сияқты. Адамдар елемейтін тәбиғи күштер соларың армиясы болуы мүмкін. Иса келедерден бұрын адамдар ғажайып нұр көреді. Адамзат жаратылғалы бері көрінбеген бұл нұрдың не екенін білмей аңтарлып  қалады» дейді Иосиф Бергер рабби.

«Қазіргі кезде Израйлия бастаған көптеген елдерде Ухань обасының кесірінен әуежайлар жұмысын тоқтып жатыр. Бұдан бұрын мұндай жағдайдың туылатынын ешкім де болжамаған еді. Қазір бүкіл адамзат Исаның келуін күтіп отыр. Менің сенімді адамдардан иелеген ақпаратым бойынша жер бетіне жайылып бара жатқан бұл індеттің емі жоқ. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі оның «Корона» яғни «тәж» деген атауында тұр. Тәж жеңіпаздарға тән. Ол күштілерді жеңеді.Әлемнің алпауыты болып отырған Қытай бұл індеттен жеңіліп жатыр. Қуатты армиядан емес, көзе де көрінбейтін заттан жеңілуде.»

Иудейлердің қасиетті кітаптарында жазылуынша «Иса пайғамбар келеді. Яжуж бен Мәжуждің әскерлері жер бетін жайпап өтеді. Алайда Иса пайғамбардың дұғасы қабыл болып, сансыз әскер бір уақытта ажал құшады» делінген екен.

Көне кітаптарында айтылған сөздерді, қазіргі жағдаймен байланыстыра қарастырған Иосиф Бергердің бұл болжамы да ғаламтор беттерінде таралып кетті. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін «тарихтағы Мысырлықтарға келген «он апат»  төңірегінде түсінік бер кеткенді жөн көрдік. Бұл мұсылмандарға да бейтаныс емес. Қасиетті құран кәрімде аты аталған 25 пайғамбардың ішінде Мұса ғалайссаламның есімі көп аталады. Бүгінге дейін үзілмей жеткен пайғамбарлар туралы қиссаларда, Мұсаның өз қауымын бастап Мысырдан кетіп соңында Канғанға жеткен кешірмелері айтылады. Ал Тәураттың 2- кітабі деп те алатын «Мысырдан кету кітабінда» Мұсаның кешірмелері толық баяндалған.

Мысырда билік құрған перғауын Рамзеның заманында Мысырдың жергілікті халқы жаратушыны танымай, адасқан сенімде өмір сүріпті. Алланың қалауымен Мұсаға пайғамбарлық келіп, исрайл қауымына дінді үгіттей батайды. Алайда Мұсаның уағыздарына құлақ асып, жаратушы тәңірге мұйысүнған адамдар аз болыпты. Перғауынның айтқанынан шықпайтын кәпір қауым Мұса пайғамбардың айтқанарына сенбей, оған өте көп жәбір көрсетеді. Оған «сиқыршысың» деп сенімсіздік танытады. Аллаһ тағала Мұсаның асасына күш дарытып, ол өзге сиқыршыларды тас-талқан етіп жеңеді. Алайда Хақты танып, ақиқатқа қайтқан адамдар аз болады. Алла тағала Мысырдың бұл залым қауымына апаттар жіберіп сынаққа салады. «Мысырдан шығу кітабінда» айтылатын «он түрлі апат» осылай басталады.

Су апаты: Нілдің суы қан болып ағады.

Бақа апаты: Мысырдың жеріне қалың бақа қаптадйы.

Бит апаты: Адамдардың үстін бит басады.

Шыбын апаты: Құжынаған қалың шыбын қаптайды.

Оба апаты: Оба тарап, адамдар мен малдар қырылып қалады.

Бөртпе апаты: Ересек адамдардың үстіне бөртпе шығады.

Бұршақ апаты: Аспаннан бұршақ жауады.

Шегіртке апаты: Мысырдың жеріне қалың шегіртке қаптап, егістік пен бау-бақшаны түк қалтырмай отап кетеді.

Қара түнек орнайды: Мысырда үш күн, үш түн қара түнек болып, күн көзі көрінбей қалады.

Үлкендердің өлуі: Мысырлықтардың отбасындағы балаларының үлкендері тоқтамай өле береді. Онымен қоса малдардың да алдымен туған төлі қырылып қалады.

Аллаһ тағала тарапынан сынаққа жіберілген осынау апаттар бірінен кейін бірі келіпті. Әр жолы апат келген кезде алмалдары таусылған кәпірлер Мұсаға келіп, «біз иманға келедік, раббыңа тілек айтып мына апаттан біздерді құтқара гөр» деп жалынады. Мұса пайғамбардың дұғасықабыл болып, апаттың беті қайтқаннан кейін, уәделерінен тайып шыққан адамдар бұрынғы әдеттерін қайталап діннен шығады. Тағы бір апат келеді. Бұл жағдай тағы қайталанады. «Сенің раббыңа мойысүндық. Иманға келдік» деген адамдар апаттың беті қайтысымен ақ бұрынғы әдеттеріне көше беріпті. Амалы таусылған Мұса ғалайссалам, өзіне ілескен, хақты танып, иманға келген біраз адамды соңына ертіп Мысыр жерінен кетеді. Бір аңыздарда Мұсаға ерген адамдардың жалпы саны 600 адам ғана болған деседі. Мысырдан кеткен халықты тоқтатып жазалау үшін перғауын қалың әскерімен соңдарына қуады. Олардың Қызыл теңізді жарып өтуі, перғаунның суға ғарық болып өлуі секілді әңгімелер қазақ жұртына бейтаныс емес.

Діни сенім бойынша заман ақырдың болатындығы шындық. Бұл айтылымдар мұсылмандар мен қатар кітап иелерінде де бар. Дегенмен қазіргі күнде таралып жатқан Covid-19 вирусы туралы болжамдардың ішінде мұншалық қатерлі болжам айтқаны осы Иосиф Бергер рабби болса керек.

Ерқазы Сейтқали

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.