Не дейін мына мәңгүрт “батырыма”?

0
127

Баласымен басқа тілде сөйлесіп жүрген байқұсты көргенде туған ой.

Не дейін мына мәңгүрт “батырыма”?

Не дейін, мына мәңгүрт “батырыма”?
Бейшара ие болмай қатынына.
Орыс сиіп кеткен бе жатырына?
Шүлдірлеп шалақазақ баласымен,
Орысша қарағанда шатуына.

Сеніп ек азат таңның атарына,
Қараорыс құрдымына батарына.
Жаратқан билік беріп жаманына,
Тізгінді бұйыртпапты адалына.

Мәз болып тәуелсіз ел атауына,
Түсіппіз қараорыстың матауына.
Қосылып құл-құтанның қатарына,
Айналдық қайта орыс отарына.

Қараорыс қой демейтін қатынына,
Орыс тілін балайды асылына.
Артына ана тілін сырып қойып,
Шүлдірлеп әбден тиді ашуыма.

Мән-жайдың келер болсақ ашығына,
Қараорыс бұра тартар ғашығына.
Мәңгүртке опасы жоқ Отанына,
Жол бермейік тілімізді отауына.

Басқаны үлгі еткен баласына,
Жай түссе жаны ашымас даласына.
Өзге ұлттың сіңіп кетер арасына,
Не шара бермеген соң санасына?

Болмайды енді елдің жатуына,
Ұмтылайық азат сана асуына.
Атажұрт, Ана атаған жерімізді,
Жол бермей жамандардың басуына!

Р.S.
МӘҢГҮРТ болма – МӘҢГІ ҰЛТ бол!

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.