«Біз әкемізді сағындық!»

6
1437

Видео-фото репортаж

        Алматы облысы, Талғар ауданының Еркін ауылында Байсапаровтар отбасы тұрады. Өнерімен тәнті еткен бұларды ауылдың біразы таниды десек те болады. Отағасы Ербол, жары Рабиға екеуі домбырамен дәстүрлі әндер айтса, балалары Медет пен келіні Ақнұр эстрадалық әндер шырқайды. Ал немерелері Мағжан, Медина, Мәди түрлі тақпақтар айтып, ән салып, би билейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауылдағы «Раушан ана» бөбекжай-балабақшасына баратын Мағжан мен Медина түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие боп жүр. Мағжан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Әнім де саған, жырым да саған, туған ел!» балалар байқауының «Көркем сөз өнері» номинациясы бойынша, «Жігіт сұлтаны» байқауында «Сері жігіт» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ «Жас дарын» балалардың шығармашылық байқауының «Биші балапан», «Жас әнші» номинациясы бойынша, бөбекжай-балабақшаның «Қыс қызығы» көрме-байқауында бас жүлде, ақиық ақын М.Мақатаевтың 88 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты байқаудан I орын алды. Ал Медина болса «Кішкентай арулар» байқауында, «Жас дарын» балалар шығармашылық байқауында «Талантты биші» номинациясымен, «Берекелі, мерекелі алтын күз» ертеңгілігінде Бас жүлде, «Абай – дара тұлға» байқауында «Сөз маржанының шебері» номинациялары бойынша марапатталған.

Қылықтары қызық, тілдері балдай тәтті балақайлар қазір балабақшадан уақытша қол үзіп, үйде карантинде отыр. Апалары үшеуін бір уақ аулаға алып шығып серуендетіп, таза ауа жұтқызып азырақ ойнатады да, қайтадан бөлмелеріне қуады. Балалардың үйге кіргісі жоқ, ойындарын бұзғаны үшін апаларына ренжіп, жылап та қалады. Баяғыдай күнде асыр сап алаңсыз ойнайтын достары жоқ, үйде қамалып іштері пысқан сәбилерді де түсінуге болады. Бірақ мына тәжтажалдың жас балаларды да аяйтын түрі жоқ. Амал жоқ ережеге бағынуға тура келеді! Әсіресе балақайлар жұмыс бабымен үй бетін көрмей 1-2 ай сыртта жүрген әкелерін қатты сағынып жүр. Медет Ерболұлы офицер болып әскери қызметте істейді. Қазіргі елімізде боп жатқан төтенше жағдайға байланысты ол Алматы қаласында халықтың тыныштығын қорғау мақсатында күндіз-түні аянбай еңбек етуде. Аналары Ақнұр болса мейірбике, қазір төртінші сәбиіне аяғы ауыр, демалыста. Құдай қаласа, көп балалы ана ретінде халқымыздың санын көбейтуге өз үлесін қосқалы жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осындай қиын-қыстау кезеңде отбасын көрмей, балаларының қастарында болып бір иіскеуге уақыттары жетпей жүрген қаншама мамандық иелері бар. Олар: дәрігер, полиция, Отан қорғаушылар, мұғалім, журналист, сауда қызметкерлері, т.б. айта берсең жетерлік. Бәрінің де үйлерінде балаларының «Менің әкем, шешем қашан келеді? Біз сендерді сағындық!» деп жанарлары жаутаңдап тағатсыздана күтіп отырғандары анық.

…Иә, тіршілік қазаны қайнаған мынау қызу өмірді бала түгілі үлкендер де сағына бастаған сияқты. Ауруды жеңіп, балаларымыздың балабақшасына, сабағына, ересектердің жұмыс орындарына оралатын күндеріміз де алыс емес деп ойлаймын. Әркез үмітімізді үзбейік!

 

 

Шаргүл Қасымханқызы

6 ПІКІРЛЕР

  1. Қайырлы күн! Өнерлеріне тантімін, расымен Ағамыз бен Татеміз қосылып домбырамен ән шырқаганда ,шіркін тыңдап отыра бергің келеді. Ал кішкентай уш Балапаным Алла бұйырса алі талай белестерді бағындырып,талай асулардан асады.

  2. Ауылымызға үлгілі, өнерлі отбасы, Отбасының бір-біріне деген сыйластық ары да өте жарасымды, қызыға да таңдана қарайсың, балалары да өте талантты, дарынды, тіл, көзден сақтасын, мен Мағжанның балабақшадағы ұстазымын, Мағжанды менің шәкіртім десе де болады, оның көзінен еліне, жеріне деген жанып тұрған ұшқынды көремін, болашағынан үлкен үміт күтемін.Отбасына амандық, Отағасы ел алдындағы қызметінен оралып, қуаныш пен шаттыққа бөлене берсін демекпін.

  3. Талаптарыңыз оңды болсын,Аллам тіл көзден сақтасын! Елімізде амандық , тыныштық орнасын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.