ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҮСТЕМАҚЫ БЕРІЛУДЕ!

0
188

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ -28/2020 «СОVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының негізінде облыс әкімдігінің қаулысымен «СОVID-19» короновирусы инфекциясының профилактикасына және таралуының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылды.
2020 жылдың 9 сәуірінде комиссия мүшелері жиналып, тәуекел топтары бойынша үстемақы белгіленетін жұмыскерлер тізімін айқындады.
Онда: 1 тәуекел тобына (20 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 850 мың теңге) жататын инфекциялық стационардағыдәрігерлер – 9 ,орташа медициналық қызметкер –14, кіші медициналық қызметкер – 12, барлығы 35 адам қосымша 5,7 млн теңге (Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы);
2 тәуекел тобына (10 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 425 мың теңге) жататын провизорлық стационардағы дәрігерлер – 24, орташа медициналық қызметкер -95, кіші медициналық қызметкер – 42 , барлығы 161 адам қосымша 20,5 млн теңге (Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы);
3 тәуекел тобына (5 ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) немесе 212,5 мың теңге) жататын карантинды стационардағы дәрігер – 15, орташа медициналық қызметкер – 64, кіші медициналық қызметкер – 72 , жедел жәрдем жүргізушісі – 28, барлығы – 179 адам, қосымша 7,9 млн теңге алады (Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханалар, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы).
Үстеме ақы қызметкерлердің наурыз айында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен нақты жұмыс жасаған уақытына сай есептелді.

– Індетпен күреске Жұмылдырылған медцина қызметкерлері:
Жалпы Қызылорда облысында коронавирустық індетпен күресуге 3000-ға жуық медицина қызметкері жұмылдырылған.
Індетпен күресу барысында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 инфекционист, 7 аудандық ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімінде 14 инфекционист облыс бойынша барлығы 28 инфекционист дәрігер қызмет етуде.
Арнайы ашылған төсек орындар нормативке сай мамандармен қамтамасыз етілген.

– Блок посттағы қызметкерлер саны:
Қызмет көрсету теорияларына сәйкес, Қызылорда қаласының шекараларында 3 ауысымдық медициналық бекеттер жұмыс жасайды. Оған облыс бойынша 113 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Ұйымдастырылатын медициналық бекетте әр ауысымда 2 орта буын қызметкері және 1 санитарлық автокөлік үздіксіз қызмет жасауы қамтамасыз етілуде. Олар күніне 3 ауысымда екі-екі маманнан, күніне 6 маман болып қызмет етеді.

Санитариялық блок бекеттердегі медициналық қызметкерлердің жұмыс алгоритмі:
1. Ұйымдастырылған блок бекет шекарасынан шыққан және кірген тұрғындардың дене темперетаруларын контактсыз термометрмен өлшейді.
2. Дене температурасы жоғары (37,5-38) болған азаматтардың жеке мәліметі жерілікті бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымына жолданады.
3.Дене температурасы 38,0 градустан жоғары азаматтарға жедел жәрдем қызметі шақырылады.
5. Әр емхана қызметкерлері келген азаматтардың денсаулық жағдайын (телефон байланысы арқылы) 14 күн бойы бақылап, азаматтарға көпшілік жиналатын жерлерге бармау қажеттігі жөнінде қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізілуде.
6. Емханалардағы жауапты қызметкерлер келген азаматтар туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдап отырады.

Коронавирустың алдын алу
шараларын ұйымдастыру туралы
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы” Жарлығына сәйкес облысымызда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындағы басқарма басшысының 2020 жылдың 20 наурызындағы №149 бұйрығына өзгеріс енгізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. №3, 4, 5, 6 қалалық емханалары және “Қызылорда теміржол ауруханасы” ЖШС-ң бас дәрігерлеріне (Г. Максутова, Б. Піржанова, Ж. Рысмаханова, Ж. Қожарипова, С. Кенжебаев):
1.1. Қызмет көрсету территорияларына сәйкес Қызылорда қаласының төмендегі шекараларына тәулік бойы (3 ауысымдық) медициналық бекеттер ұйымдастырылды:

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы облыс көлемінде «Коронавирус» індетіне қарсы күресте бей-жай қарамай, облыс көлеміндегі медициналық ұйымдармен етене іс-шаралар атқарып, бірлесе жұмыс атқаруда.
Негізгі міндет, індетке қарсы күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге көмек көрсетіп, сәлде болса тұрмыстық жағдайын көтеріп, қуаныш сыйлау мақсатында облыс көлеміндегі емдеу алдын алу мекемелерінде жұмыс жасайтын, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және төрайымдарымен 4 370,0 мың теңгеге барлығы 250 отбасына азық түлік өнімдерімен қамтамасыз етіліп, психологиялық тұрғыдан індетке қарсы күресте тиімді әсерлерін берді.
Сонымен бірге, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 370,0 мың теңгеге 185 дана төсек жиынтығы сатып алынып табысталды және Облыстық жедел жәрдем станциясына 200,0 мың теңгеге, 2000 дана бет пердесі (маска) тігуге жабдықтары сатып алдынды.
Сонымен қатар, 600,0 мың теңгеге 10 дана облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің қажеттілігіне орай, адам денесінің температурасын өлшейтін (Бесконтактный термометр) сатып алу мақсатында келісім шарт жасалынды.
Жоғарыда атқарылған жұмыстарды айта келе, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалымен 5 540,0 мың теңгеге облыс көмеміндегі медицина саласының қызметкерлеріне көмек көрсетілді.

БІЗ БІРГЕМІЗ!

Коронавирус індетінен сақтану шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанына қарамастан бұл індет Сыр өңірінен де сырт айналмады. Қазіргі таңда инфекцияның таралу қаупін төмендету үшін Қызылорда қаласы, Жаңақорған кенті және Шиелі ауданына қарасты Ш.Қодаманов, Балаби ауылдары карантиндік режимге көшті. Облысымыздың Жаңақорған ауданында тіркелген жағдайларға байланысты денсаулық сақтау саласының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда науқаспен байланыста болғандарды оқшаулау жұмыстары мерзімінде жүргізіліп, дәрігерлер уақытпен санаспай міндеттерін атқаруда.
Қауіпті індеттің салдарынан күшейтілген режимде қызметтік міндетін орындап жатқан дәрігерлер зор қошеметке ие. Олар бүгінде бірнеше апта бойы отбасыларынан тысқары болғанына қарамастан, өз денсаулықтарын қатерге тігіп дертпен күресуде. Аталған инфекцияға шалдыққандарға шипа іздеген сала мамандары қоғам үшін маңызды, әрі абыройлы екені осы сәтте тағы бір мәрте айқындалғандай…

– Індетпен күреске Жұмылдырылған медцина қызметкерлері:
Жалпы Қызылорда облысында коронавирустық індетпен күресуге 3000-ға жуық медицина қызметкері жұмылдырылған.

– Шиелі ауданындағы мамандар жеткіліктігі:
Шиелі аудандық ауруханасында науқастарға мамандар жеткілікті. Бүгін (09.04.2020ж) Шиелі ауданында 5 науқас қана қалдырылып, қалғандары облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілуде.

– Мамандарға көмек:
Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалды. Барлығы ыстық тамақпен, жатын орынмен, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Бүгінгі күнге коронавирус анықталған аудандардағы медицина қызметкерлері мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары емдеу мекемелерінен шықпай жұмыс жасауда. Медицина қызметкерлері де 14 күндік бақылауда болады. Айта кетейік, қазіргі таңда әкімшілік тарапынан науқаспен тікелей жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді қонақ үймен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мәлім еткендей, індетпен күресуші медицина қызметкерлеріне қауіптілігіне байланысты 3 деңгейде сыйақы тағайындалды. Яғни 20, 10, 5 ең төменгі еңбекақы көлемінде белгіленді.
Мәселен, 3 айға есептелген сыйақыны алатын қызметкерлер тізімі арнайы комиссия тарапынан бекітілді. Қазіргі таңда наурыз айына тиесілі сыйақыны алатын қызметкерлердің тізімін бекіту жұмыстары жүргізіліп сыйақы берілді.
– Блок посттағы қызметкерлер саны:
Қызмет көрсету теорияларына сәйкес, Қызылорда қаласының шекараларында 3 ауысымдық медициналық бекеттер жұмыс жасайды. Оған облыс бойынша 113 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Ұйымдастырылатын медициналық бекетте әр ауысымда 2 орта буын қызметкері және 1 санитарлық автокөлік үздіксіз қызмет жасауы қамтамасыз етілуде. Олар күніне 3 ауысымда екі-екі маманнан, күніне 6 маман болып қызмет етуде.

Санитариялық блок бекеттердегі медициналық қызметкерлердің жұмыс алгоритмі:
1. Ұйымдастырылған блок бекет шекарасынан шыққан және кірген тұрғындардың дене темперетаруларын контактсыз термометрмен өлшейді.
2. Дене температурасы жоғары (37,5-38) болған азаматтардың жеке мәліметі жерілікті бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымына жолданады.
3.Дене температурасы 38,0 градустан жоғары азаматтарға жедел жәрдем қызметі шақырылады.
5. Әр емхана қызметкерлері келген азаматтардың денсаулық жағдайын (телефон байланысы арқылы) 14 күн бойы бақылап, азаматтарға көпшілік жиналатын жерлерге бармау қажеттігі жөнінде қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
6. Емханалардағы жауапты қызметкерлер келген азаматтар туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдап отырады.

– «Сенім» кәсіподағының көмегі:
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы облыс көлемінде «Коронавирус» індетіне қарсы күресте бей-жай қарамай, облыс көлеміндегі медициналық ұйымдармен етене іс-шаралар атқарып, бірлесе жұмыс атқаруда.
Негізгі міндет, індетке қарсы күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге көмек көрсетіп, сәлде болса тұрмыстық жағдайын көтеріп, қуаныш сыйлау мақсатында облыс көлеміндегі емдеу алдын алу мекемелерінде жұмыс жасайтын, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және төрайымдарымен 4 370,0 мың теңгеге барлығы 250 отбасына азық түлік өнімдерімен қамтамасыз етіліп, психологиялық тұрғыдан індетке қарсы күресте тиімді әсерлерін берді.
Сонымен бірге, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 370,0 мың теңгеге 185 дана төсек жиынтығы сатып алынып табысталды және Облыстық жедел жәрдем станциясына 200,0 мың теңгеге, 2000 дана бет пердесі (маска) тігуге жабдықтары сатып алдынды.
Сонымен қатар, 600,0 мың теңгеге 10 дана облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің қажеттілігіне орай, адам денесінің температурасын өлшейтін (Бесконтактный термометр) сатып алу мақсатында келісім шарт жасалынды.
Жоғарыда атқарылған жұмыстарды айта келе, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалымен 5 540,0 мың теңгеге облыс клеміндегі медицина саласының қызметкерлеріне көмек көрсетілді.
БІЗ БІРГЕМІЗ!!!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.