Тәубеге келіп жыласам…

0
234

Белгілі дінтанушы, рухани шипагер Əбдінайым Қарақожаев тек емшілікпен ғана емес, сонымен қатар, өлең жазумен де айналысады. Оның өлеңдерінің көбі адамгершілікті, имандылықты, рухани байлықты насихаттауға бағытталған. Жұма күнгі жыр-шашу топтамасы – Əбдінайым мырзаның өзіне де беймəлім тылсым күштің құдіретімен тек кана Жұма күні дүниеге келген туындылар. Дінтанушының айтуынша, Жұмада осы күннің қасиетін дəріптеген өлең жолдары өзінен өзі төгіледі екен. Бұл да біз білмейтін тылсым дүниенің бір парасы болса керек. Біз бүгін арқалы азамат Əбдінайым Қарақожаевтың қасиетті Жұманы, келіп жеткен Рамазан айының артықшылығын дəріптеген бір топ жыр шумағын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

 

 

Сансыз шүкір Аллама

Шексіз мадақ айтамын Жаратқанға.
Бар әлемді өзіне Қаратқанға.
Әрбір күнім үшін де алғыс айтам.
Оянғанда ұйқымнан таң атқанда.

Алғыс айтам әр алған тынысыма.
Налымаймын жағдайым, тұрмысыма.
“Құлым !”- десе Ұлы Аллам разы болып.
Боқ дүние сол жолда құрысын ә.

Пайғамбарым Сүйікті Мұхаммедім.С.А.У.
Айтса маған былай деп: “Кел умметім”
Одан артық не керек адам үшін.
Ақыретте білінсе зор құрметің.

Махшар күні көрсетсе Хақ дидарын.
Таразыны толтырса бар жиғаның.
Амал дәптер берілсе оң жағыңнан.
Қуаныштың жасымен бет жуармын.

Қияметтің ми қайнар аптабында.
Қалып кетпей шет жақта қапталында.
Раббым алса көлеңке саясына.
Жетерсің Жаннаттағы тақ, бағыңа.

Оңай өтсең көпірінен Сираттың.
Аулы алыс емес енді Жұмақтың.
Алып өтер құрбандығың шалынған.
Үлкеніне қаражатты қимаппын.

Әрбір намаз, ғибадатың, оразаң.
Пайда берер ақыретте орасан.
Жұмақтағы кірпішің боп қаланып.
Үй боп тұрар айналаңа қарасаң.

Әрбір берген садақаң мен зекетің.
Жаннаттағы аялдамаң бекетің.
Байлығыңды сауапты іске жұмсай біл.
Дүние жоқ ақыретке өтетін.

Көз ілместен түнде оқыған Құраның.
Деп сөйлеп тұр:” Жаннат енді тұрағың”
Білсек дағы шапағатшы боларын.
Ерінуші ең кейде жетпей шыдамың.

Көрген кезде жұмақтағы жақұтты.
Сонда ғана боларсың шын бақытты.
Мәңгілікке қалдырады Ұлы Аллам.
Өзгертеді мезгіл менен уақытты.

 

Кешегі өткен Лениннің туған күнінде туған өлең

Бұрын былай деуші едік:

“Үйімізде ,төрімізде.
Портретте тұрған кім?
Кімнің жүзі таныс бізге?
Бізге жақын туған кім?
Бұл- Ленин бабамыз.
Бұл- Ленин данамыз”

Аллаға шүкір қазір былай дейміз:

Үйімізде, төрімізде.
Тұр Алланың Құраны.
Лә иләһа иллә Аллаһу.
Мұсылманның ұраны.

Кім осыны айтып жүрсе.
Жаннат болар тұрағы.
Құранда ғой оқып білсең.
Бар ғылымның бұлағы.

Бұрын:

“Құдай жоқ”- деп айтқызатын.
Атеистер қауымы.
Имансыздар жайлап кетті.
Қала менен ауылды.

” Дін – апиын сақтаныңдар.
Санамызды улайды ол.
Құдай бар деп айтпаңыздар.
Атеизм- тура жол”

Құдай бізді жаратқан жоқ.
Маймылдан біз жаралдық.
Эволюция жолымен.
Адам болып таралдық.

Қазір:

Бақытты бір заман туды.
Дінім, тілім оралды.
Жаратылыс тұрғысында.
Ойлар туды орамды.

Ұлы Аллам жаратыпты.
Он сегіз мың ғаламды.
Маймыл емес Адам атам.
Топырақтан жаралды.

Тура жолды таптық бүгін.
Шариғаттың жолынан.
Дүние жалған атқарып қал.
Сауапты істер молынан.

Бұрын:

“Дүниенің кілті”- дедік.
“Ғылымында”- орыстың
Менсінбестен тарихымды.
Соларға көп болыстың.

Тургенев пен Лермонтовты.
Пушкиндерді таныдық.
Добролюбов. Толстойды.
Оқымасақ сағындық.

Минин менен Пожарский.
Чапаев пен Петькасын.
Ермак сынды қанішер мен.
Бюденныйдай дядькасын.

Руслан менен Людьмиласын.
Батрактардың пимасын.
Бәрін түгел жаттап өстік.
Болғандай бір қимасым.

Қазір:

Танып білдім тәуелсіз боп.
Қазағымның тарихын.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың:
“Жамағат ат тауарихын”

Жүсіп Баласағұнның да.
Оқып “Құтты білігін”
Аллаға шүкір күннен – күнге.
Артты менің білімім.

Танып білім билерімді.
Елдің қамын ойлаған.
Төле , Қазыбек,Әйтекелер.
Шешпей дауды қоймаған.

Бөлтіріктей шешендерім.
Сырым сынды көсемдерім.
Білдім бәрінің елі үшін.
Ұлтарақ боп төселгенін.

Доспамбет,Шалкиіз,Бұқарлардың.
Көрмедім ешбірінің мұқалғанын.
Бәрі де елім деп өткен екен.
Тарихтан бұл менің ұға алғаным.

Бөгенбай, Қабанбайдай батырларым.
Туғызған тәуелсіздіктің атар таңын.
Наурызбай.Саңырық , Қойгелділер.
Орындады халқымның бар арманын.

Сыпатай, Ботақан мен Баяндарым.
Сіздерге де мен енді аяңдадым.
Бәрі де қазағым деп қанын төккен.
Аз да болса сіздерге баяндадым.

Мұстафа Шоқай, Тұрардай арыстарым.
Көрмедім шаршы топта шалысқанын.
Жеке бастың күйттемей қиналсаң да.
Ойладыңдар ар- ождан.намыс қамын.

Аңсап өтті бәрі де азаттықты.
Ту қып ұстап бағдар қып қазақтықты.
Осындай ұлан байтақ жер қалдырған.
Бабаларым әруақты, ғажап мықты.

Бауыржандай батырым , майдангерім.
Ұмытқан жоқ жүрсе де майданда елін.
Сталиннің өзін де мойындатқан.
Бар ма басқа өзге жұрт мұндай ерің?

Рахымжандай ту тіккен Рейстагқа.
Адал болып бағынған бір уставқа.
Қане кім бар осындай батырлардың.
Ерлігі түгіл туларын бір ұстап па?

Тоқтардай бағындырған ғарышты да.
Жақындатқан біз үшін алысты да.
Жаттаңыздар батырлар есімдерін.
Жаттадың ғой Энгльс , Марксты да.

 

Сағындырған Рамазан!

Қош келдің, Рамазаным қасиетті.
Бар әлем тартып жатыр қасіретті.
Алладан шын ниетпен сұраған ек.
Биыл тағы көруді нәсіп етті.

Он екі айдың өзіңді Сұлтаны етті.
Адамзаттың сан түрлі ұрпағы өтті.
Пайғамбарым Мұхаммед (С.А.У. )үмметіне.
Сый ғып Сені біздерге тарту етті.

Сағындық қой өзіңді тағат таппай.
Құл болмайсың сүйікті Хаққа жақпай.
Апта салып араға, айлар салып.
Жеттің – ау Сен отыр ек тыным таппай.

Бар мұсылман өзіңді күткен еді.
Сағыныштан төзімі біткен еді.
Аллаға мадақ айтып қарсы аламыз.
Шапағат мейіріммен жеткен сені.

Жоғары шық төрімнен бердім орын.
Алланың құлымын ғой мен бір момын.
Кешіріліп өзіңде күналарым.
Жаннаттан бұйырса екен құтты орын.

Құран түсті Алладан Қадір түні.
Мұхаммедке ( С.А.У) жетті ғой Хақтың үні.
Сол себептен өзің де Сұлтан болдың.
“Ләббайкә “-деп қуанып ұқтың мұны.

Сегіз пейіш айқара ашылады.
Әлемге нұрдан шашу шашылады.
Жеті тозақ құлыптанып бір ай бойы.
Жан шыдатпас азаптар басылады.

Жын- шайтандар шынжырмен кісенделіп.
Жер жаһанға періштелер түсер келіп.
Тек сауапты істермен отырайық.
Мүьминдердің беделін түсірмелік

Бір ай бойы жазады сауабыңды.
Ораза, намаз, жасаған тауабыңды.
Бар мүшеңмен ораза ұстамасаң.
Ақыретте берерсің жауабыңды.

Ұмытпа садақаң мен пітіріңді.
Тарауих намазың мен Уитріңді.
Адамзаттың бәріне дұға жасап.
Тек сауаптар істейік бітірімді.

Қарақожаев Әбдінайым

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.