Біртанов «әулие» екен

0
220

      Қазақстанға коронавирус жеткелі келеді деген кезде-ақ Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «дерт жұқтырғандар саны 3,5 мың адамға жетуі мүмкін» деген болжам жасаған еді.  Расында да, Біртанов «әулие» екен… Министрліктің таратқан мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған 3027 адам тіркеліпті. Ең көбі Алматыда – 919 адам. Одан кейінгі орында Астана — 605 адам. Шымкентте – 176. Қалғаны басқа облыстардың үлесінде. Шынын айту керек, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда індеттің таралу қарқыны қатты емес, мұны мойындаған жөн. Дегенмен,  баяу деуге де болмасы кәміл. Қатты алаңдататын нәрсе – дәрігерлердің көптеп вирус жұқтыруы. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп індет жұқтырған дәрігерлердің бәрі бірдей өтемақы ала алмайтынын мәлімдеді. Тек науқастармен тікелей жұмыс істеген дәрігерлерге ғана төленеді. Алдағы уақытта Біртанов үшін бұл да шешімін күткен үлкен «бас ауруы» болатын сынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.