Жеңіс күні құтты болсын!

0
83

Адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстың зардабы уақыт озған сайын санадан өшпейтіні анық

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

9 мамыр Ұлы жеңіс мерекесінің 75 жылдығы құтты болсын!

Бұл мереке – ерлік пен елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы осы ұлы жеңістің жемісі. Кеуделерін оқ пен отқа тігіп, жан аямай күрескен батыр аталарымыздың қаһарман-қайсарлығы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан, осынау ерлікке толы мейрам тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала береді.

Тылда тер төккен аға-апаларымыздың да еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Құрметті ардагерлер! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілейміз! Көк туымыз бейбіт аспан астында қалықтасын!

“Qazaqstan dauiri” газеті мен “Мөлдір бұлақ” журналының ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.