Бүгінгі санда:

0
134

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға

Қазақ баспасөзі мерзімді басылымдарының онлайн дөңгелек үстеліне қатысқан басшыларының ашық хаты:

Қазақ баспасөзіне зор қауіп төніп тұр!

Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақ тілі қазақ халқының жаны болса, қазақ баспасөзі оның қозғаушы күші. Осы аптада сіз «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда «Ұлттық қауіпсіздік тілімізді құрметтеуден басталады» деп Тілімізді саясат төріне шығардыңыз. Бұл перзенттік үніңіз ұлт жанашырларын тебірентті, үмітімізді оятты. Иә, ұлттық мүдде сынға түскенде ең алдымен шырқырап ара түсетін де, жазатын да, тілін де қорғап жүрген Қазақ баспасөзі екенін сіз жақсы білесіз. Сондай-ақ ол билік пен халық арасындағы алтын көпір ретінде де маңызды рөл атқарып келеді. Ұлттық идеологияның, елбасымыздың «Рухани жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының, өзіңіздің халыққа жолдауыңыздың өмір өзегіне айналуына, мемлекетіміздің гүлденуі мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Қазақ баспасөзінің жағдайы қазір аса мәз емес. Бәлкім, сіз бұл жағынан бейхабар боларсыз. Бірақ ащы шындық солай. Мұның себеп-салдары сан алуан. Әсіресе әлемді Коронавирус індеті жайлағалы бері, сондай-ақ дағдарысқа байланысты Қазақ баспасөзіне қауіп одан сайын күшейе түсті. Себебі біздің елімізде төтенше жағдай, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және республикамызда жаппай карантин жарияланды.

Ертай Айғалиұлы

 

АЛАШ БАЛАСЫ БҰЛ СЫНАҚТЫ ДА ЕҢСЕРЕТІНІНЕ СЕНЕМІН!

Уақыт керуені алға жылжып тағы да бір қасиетті Рамазан айына келіп жеттік. Биылғы рамазан айы аса үлкен сынақтарға тура келген ай болды. Жер бетіне таралып кеткен жұқпалы індет адамдардың қалыпты тұрмысына үлкен өзгерістер алып келді. Осылайша 2020 жылдың оразасын ерекше жағдайда өткізудеміз. Бұл да болса Алланың сынағы деп қабылдаймыз.

Қадірлі оқырман!

Баршаңызға белгілі, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режим Рамазан айындағы дағдымызды да өзгертіп отыр. Газетіміз уақытында қолдарыңызға тимеді. Кешірім өтінеміз. Бүгін араға жарым ай салып сіздермен жүздесіп отырмыз. Елімізде жарияланған карантин әлі жалғасып жатыр. Алла сәтін салса бұл қиындықтан да құтылатын күн алыс емес деп ойлаймын. Жаратқан иеміз қара ормандай халқымыздың сабырын сарқымасын, имандарын бекем етсін деп тілейміз.

 

Құрметпен
Сәуле Мешітбайқызы,
«Qazaqstan dauiri» газетінің
Бас директоры

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТОҚТАЛДЫ, КАРАНТИН САҚТАЛДЫ…

АЛ ДАҒДАРЫС ПЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕМІЗ?

Екі айға созылған Төтенше жағдай – әлемді қайдам, еркіндікті сүйетін қазақ үшін тым ауыр сынақ болды. Оған мұнайдың құлдырауы мен доллардың «мың бұрауы» қосылғанын қалай айтпай кетерсің. Жұт жеті ағайынды демекші, қымбатшылық та құлағын қылтитып қояды.
Әлемдік кризистің «дауылы да» жақындап келе жатқанын ескерсек, ел экономикасына «арық атқа қамшы ауырдың» кебі келейін деп тұр.
Карантиндегі екі ай уақыт билікке де, халыққа да үлкен сабақ болса игі. Билік үшін – елдегі кәсіпорындардың аздығы, орта бизнестің мүшкіл халі, тек мұнайға иек артудың салдарынан туындап отырған қиындықтар ескерілуі тиіс.

 

Сәуле Мешітбайқызы

«Сардоба апаты» халықарылық нормалармен шешілуі тиіс

Жер жүзі пандемиямен күресіп жатқан кезде, 1-мамыр күні Сардоба су қоймасында туылған апат, Өзбекстан мен Қазақстан сынды көршілес екі елдің халқына жығылғанның үстіне жұдырық болған оқыс оқиға ретінде есте қалды.

Ерқазы Сейітқали

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.