Қазақ журналистикасының Бейсені өмірден озды

0
75

Елін сүйген Ер, халқын сүйген Азамат еді. Жарқ етіп аққан жұлдыздай болып өмірден өтті, артында аңыз болардай еңбектері қалды. Ең бастысы арқалаған жүгі алғыс болды. Бар болғаны 49 жас. Бірақ баһадүр қаламгер, жаны жайсаң азамат халқы үшін ұшан-теңіз еңбектер жасады. Өмірбаянына үңілсең қазақ журналистикасының нағыз қара нары болғанын бағамдайсың. Ең бастысы еліне шынайы, шын жүрегімен адал қызмет етті.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ә л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Жаның жәннатта болсын қайырымды инабатты бауырым. Барша Қазақ Елі қайғырып жақындарына, жанұясына көңіл айтамыз. Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.