Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады

0
103

Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 20 мамырдан бастап Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге алынады. Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйекке дейін басқару тұтқасы сол жақта болатын көліктерді тіркеу шарасын қабылдауы тиіс. Бұл шешім тек елімізге биылғы жылдың 1 ақпанына дейін енгізілген көліктерге қатысты. Сонымен қатар көліктің тиісті техникалық тексерістен өтуін және салықтық міндеттемелерін төлеуін қамтамасыз ету керек.Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков: «Мәселен, Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға арналған Call-орталығы жұмыс істейді: 8-747-080-01-56; 298-50-71. «Шұғыл желі» жұмыс кестесі: 9.00-ден 19.00-ге дейін. Біріншіден, Үкімет 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Екіншіден, тіркеу 1 маусым мен 1 қыркүйегі аралығында жүргізіледі. Үшіншіден, тіркеуге сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы — 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем — 3 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін — 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы 11 946 теңгені құрайды. Көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке басын куәландыратын құжат; мемлекеттік тіркеу алымының төленгені туралы құжаттар; Армения Республикасының уәкілетті органы шығарған көлік құралдарына арналған СРТС және МТНБ; автокөлік құралдарын тіркеуге ұсынылған, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және аударманың дәлдігі туралы нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолтаңбасы болуы керек», — деп түсіндірді. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде уақтылы тіркелмеген, ЕАЭО әкелінетін автомобильдерге қатысты проблема туындағанын атап өткен еді. Бұл мәселені шешу үшін Президент Үкіметке Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырған.

Е.Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.