Цифрлану – заман талабы болып отыр

0
239

Цифрлану  заман талабы екені қазіргі таңда ауадай қажет екенін сезіліп отыр. Елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде үйде отырып онлайн қызмет алу сапасы артты. Себебі төтенше жағдай кезінде халық абыржып қалды.Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасау уақыты қысқарды. Әрбір азамат  сандық қолтаңбалар  арқылы өз беттерімен қызмет  алу мүмкіндігі  және азаматтарды электронды  үкімет порталы  арқылы  жұмыс қағидаттарымен жұмыс жасауға үйрене бастады. Қазақстанның барлық аймағында мемлекеттік сандық қолтаңбалар  арқылы өз беттерімен қызмет  алу мүмкіндігі кеңейді. Электрондық  үкіметтің  www.egov.kz порталы бойынша кез келген қазақстандық азамат қажетті мемлекеттік қызметін тегін әрі шапшаң ала алады. Қызмет алушы  уақытын үнемдеумен кезекке тұрудан құтылады. Егер сіздің үйіңізде компьютеріңіз болмаса ЭСҚ-ңыз (электронды сандық қолтаңба) немесе  жеке куәліктің жаңа түрінде (чиппен) жазылған болған жағдайда сіз мемлекеттік қызметтің біршама түрлерін ғаламтор арқылы рәсімдеуге еркін түрде қол жеткізе аласыз. Мысалы: зейнетақы қорынан салымшылардың  кіріс-шығыс айналымы,сотталғаны бар немесе жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелімі туралы  анықтамаларын алуға болады. Сонымен бірге балабақшаға баланы кезекке қойып өтініш бере алады. Бұл қызмет әсіресе  ауданнан шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын қызмет алушылар үшін өте қолайлы.

Қазіргі төтенше жағдай барысында үкіметтен беріліп жатқан 42500 теңге жәрдемақыға онлайн өтініш беруге болады. Адамдар  үшін  бұл қажеттіліктің күнделікті өмірдің мәніне айналғанын көріп отыр. Әрбір азамат 21 ғасыр цифрлану дәуірі екенін сезінген сияқты.Қазіргі таңда ғаламтор  желісі жақсы қамтылса, қызметтерді онлайн алу еш қиындыққа соқпайды.

Жиырма бірінші ғасыр цифрландыру кезеңі,

Электрондық сандық қолтаңба құдіреті

Тындырар үйде отырып өз пайдасын.

Атқарар қызмет сан алуан түрлі,

                                                  Құрақбаева Тамара Рамановна,

                                         бастауыш сынып мұғалімі,

                                                                 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Батыр ауылы, № 10 орта мектеп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.