«Жұмыспен қамту» жұмыссыз қалдырмайды

0
364

Биыл Сарысу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынбақшы.
Жоспарға енген жобалардың еншісінде жаңа құрылыстар жүргізумен қатар, қазіргі уақытта ұсқыны кете бастаған нысандарды жөндеуден өткізу де бар. Бұл жұмыстар аясында ауылдық жерлер де ұмыт қалмаған. Оларды абаттандыру мен жарықтандыруға да қомақты қаржы қарастырылып отыр. Ал бұл бағдарламаның ең басты мақсаты – қазіргі уақытта «Екі қолға – бір күрек» деп құлшыныс танытып отырған қауымды жұмыспен қамту.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.

 

Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Бүгінгі таңда шағын кәсіппен айналысуға жергілікті халық ден қойған. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында аудандықтар сұлулық салоны, шағын тігін цехы, дүкендер ашып, істерін ілгерілетуде.
«Қайтарымсыз грант ұтып, екі тігін машинасын сатып алдым. Бір тұрғынды жұмыспен қамтып отырмын. Істеймін деген адамға ауылда да жұмыс жетеді. Мектеп формалары, тұрлі шараларға киімдер, елдегі болатын тойға қыз жасауы мен төсек-жабдықтар дайындаймыз. Тапсырыстар жетерлік», – дейді тігін цехын ашқан Ұ.Сыздықбайұлы ауылының тұрғыны Мақпал Бимұрзаева.
Қыз баласы тігінге жақын болады ғой. Жас кезімізден анамыз тігінге баулып, үйреткеннің арқасында жеңіл өнеркәсіп саласына келдім. Жоғарғы оқу орынды бітіріп, тігін цехтарында жұмыс жасадым.
Одан кейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Бизнес» бастау жобасындағы бес жүз бес мың грантына документ тапсырып, бір ай оқып, бизнес-тренингтерге қатысып, онда саланы қалай бастау керектігін толық үйретті. Меңгеріп шықтым. Сөйтіп грант иегері атандым. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тігін шеберханасын аштым. Бес жүз бес мыңға екі тігін машинасын, бір үтік алдым. Ауыл тұрғындарының сұраныстарына қазіргі таңда қанағаттанарлықтай жұмыс жасап жатырмыз. Атқарып жатқан ісім ойдағыдай өрбуде. Елімізде болған төтенше жағдай кезінде жүзден астам бетперде тігіп, жағдайы төмен отбасыларға тегін тараттық. Қол астымда бір жұмысшым бар. Ай сайын 50 мың теңге айлық төлеп отырмын. Ауыл тұрғындары ісіме өз алғыстарын айтуда,-деді.

Сарысу ауданы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.