Бала құқығын қанауға қарсы 12 күн

0
301

Бала тəрбиесі, бала құқығы — мемлекеттің маңызды міндеті

Платон

«Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.  Баланың тәрбиесін қолға алу үшін ең бірінші ата – анада, ұстазда баланың құқығы неде деген сұраққа нық сеніммен жауап бере алу тиіс. Себебі, әр бала өзінің өмірдегі орнын, өзінің құқығын, беріп отырған тәрбиесі арқылы ғана түсіне алады, тәрбие сөзінің астарында ата-ана мен ұстаздың ереулі еңбектері есепке алынады. Сонымен қатар, еліміздің  егемендігін  алып,  тәуелсіздік  туы  биікке  көтерілген  қазіргі  кезеңде   балаларды  қоғамның  лайықты  ізбасары  етіп  дайындау,  тәрбиелеп  шығару   үшін  мектепте   оқу,  тәрбие  жұмыстарын  көбейтіп,  ұлттық  ұлағаттылыққа   баулып  отыруымыз  қажет.

Баланың құқығы мен бостандығына байланысты,  2002 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) жұртшылықтың хабардарлығын көтеру және бала еңбегі мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында 12 маусымды Дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күрес күні деп жариялаған болатын.

Осы іс-шараға Алматы қаласы, Жетісу ауданы, № 177 жалпы білім беретін мектеп те жыл сайын белсене атсалысып  отырады. Біздің мектеп басшымыз Танатов Тұрсын Танатұлының басқаруымен қоса, әрбір мұғалімдердің үлкен жауапкершілікпен қарауларының арқасында, «Бала құқығын  қанауға қарсы 12 күн» атты науқанда түрлі іс-шаралар, жарыстар, мектептегі сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар (эссе , шығарма байқаулары, көрмелер,кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен психолог арасында дөңгелек үстел т.б) сияқты баламен тікелей жұмыс жасалып отырады.

Бұл дәстүрлі шара биыл қашықтықтан оқытылуда өзжұмысын жалғастыруда.

«Ата – ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында   психологиялық кеңестер мен ұсыныстар инстаграмм парақшаларына қойылып, WhatsApp желісі арқылы кері байланыс орнатылды.

 

Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

 

 

 

 

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбы бойынша   5-сыныптар арасында «Сен өз құқығыңды білесіңбе ?» тақырыбында BANDIGAM желісі арқылы оқушылармен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылармен кері байланыс орнатылды.Оқушылар өз түсініктерін дәптерге жазып, сурет арқылы жіберді.

Мақсаты: Оқушыларғы өз құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, қай жерде болмасын өз құқықтарын дұрыс қорғай алуға тәрбиелеу.

 

 

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әр бала өзінің тәуелсіз мемлекетінде емін-еркін, зомбылықсыз, күш көрсетусіз өмір сүруі оның ары мен құқығының жетік меңгеруінде деп есептеймін. Баланың  болшағы жарқын, қадамы нық, мақсаты айқын болуына үлкен үлес қосып отыратыны оның – құқығы.

М.Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен, сол үшін қоғам болып қалыптасу – тәуелсіз мемлекеттің болуы.

 

№ 177 Жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қанатбекова Назерке Сағымбекқызы

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.