Сіз қандай стильде киінгенді жақсы көресіз?

0
215

Негізі әр адамның талғамы әртүрлі болып келеді. Сол сияқты киім үлгісін таңдап киген кезде де қыз-келіншектеріміз өзінің дене бітіміне қарай, қай стильдегі киім үлгісі жарасып тұрғанын білгені абзал.  Сол себепті мен бүгін сән әлеміндегі киім үлгілеріне  тоқталып кеткенді жөн көрдім

Негізінде киім:

  1. Бизнес 
  2. Кежуал (күнделікті, ыңғайлы киім үлгісі)
  3. Драматикалық
  4. Романтикалық
  5. Творчествалық
  6. Футуризм
  7. Денди
  8. Сафари стильдері болып бірнеше топқа бөлінеді.

Ал енді осы айтылған киім үлгілеріне толықтай тоқталып өтсем.

Бизнес стиль – жұмысқа және жұмыс бабымен кездесулерге арналған киім. Ол 4 негізгі группага бөлінеді

Business best өте қатал киім үлгісі. Қойылатын талаптары: Тек қана костюм  киюге рұқсат, нейтралды тустер болуы тиіс. Аяқ киімдегі каблук ұзындығы 3-5 см, дене түстес шұлық болуы керек. Сөмке формасы А4 болуы шарт.

Business traditionalорташа қатал киім үлгісі. Жакет, көйлек, жейде, шалбар, юбка киюге рұқсат. Нейтралды, қара және ашық түстер. Аяқ киімдегі каблук 3-6 см ұзындықта болуы керек. Сөмке А4 форматта және дене түстес шұлық болуы тиіс

Business casualбелгілі бір киім үлгісі жоқ. Джинсы киюге рұқсат

Туфли каблукпен немесе каблуксызда болады. 

Creative Business – бұл творчествалық бизнес киіну үлгісі. Заманауи пішімдегі жұмыстық киім үлгісі Ешқандай шектеу жоқ

Casual стилі – жайлы өмір сүруді қалайтын адамдарға арналған. Олар үшке бөлінеді.

Glam casual – нәзіктік пен ыңғайлылық. Көйлек, юбка, жейде киюге болады.

Sport casual – спорттық және ыңғайлы киімдер, (худи, джогерлар, джинсылар).

Creative cаsual – күнделікті киетін киімді творчествалық тұрғыда үйлестіру. 

Романтикалық стиль – озіне сенімді, адамдардың назарынан ұялмайтын қыздарға арналған киіну үлгісі.

Творчествалық стиль – творчествалық маман иелерінің киіну үлгісі. (художниктер, дизайнерлер, музыканттар).

Футуризм – болашақтан келетін трендтер, ғарыштық тематикадағы киіну улгісі.

Денди– ескі ағылшындық киіну үлгісі сияқты. Бұл жерде костюм тройка, оксфордтар, жилет, шляпа көбінесе киіледі.

Сафари стилі – жаздық, жаға жайлық киіну үлгісі. Негізі сән әлемінде өте көп киіну үлгілері бар. Жоғарыда көбінесе кездесетін стиль түрлеріне тоқталдық. Әр адам өз стилын тапса – үйлесімді киініп біледі.

Айгерім Абитова,

Стилист имиджмейкер 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.