Елордада коллекторлардың үштен бірі тазалауды қажет етеді

0
54

Көшелерді су басуға жол бермеу үшін әкімдік нөсер-жауындарға арналған кәріз жүйелерін салу және коллекторларды тазарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қаладағы коллекторлардың жалпы ұзындығы 354 км құрайды, олардың үштен бірі (134 км) тазалауды қажет етеді. Толып қалған жүйелер жауын-шашын кезінде кәріздердің жұмысына әсер етеді. Мысалы, Ташенов көшесі мен Абылайхан/Таха Хусейн даңғылындағы коллектор толығымен бітелген – 2,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, өткізу қуатын арттыру үшін қосымша шеңбер орнатылды. Б.Момышұлы даңғылының проблемалық учаскесінде су басу мәселесі күзде шешілетін болады –нөсер кәрізінің магистралды коллекторының құрылысы жүргізілуде. Бұл нөсерлік кәріздердің ұзындығы 500 метр құрайды –Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылы өтеді). Сондай-ақ, Молодежный шағын ауданында (Ташенов пен Амман көшесінің қиылысы) өткізу коллекторларын қайта жаңарту арқылы тазарту ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. Молодежный шағын ауданындағы жаңа құрылыстардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл тазарту құрылыстары Ташенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелерін және Республика даңғылын су басуды болдырмауға мүмкіндік береді. Тазалау құрылысы жер астында орындалғандықтан, құрылыс алаңының үстінде абаттандыру, кіші архитектуралық нысандар орнату және көгалдандырумен саябақ салу көзделген. Құрылысты 2021 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. 2019 жылы Мыңжылдық аллеясы аумағындағы екі учаскеде кәріз мәселесі шешілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.