МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӨРГЕБАС АУЫЛЫНДА 20 ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛУДА

0
49
Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Оның бүгінгі таңда 145 баспанасы толық бұзылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, 50 үйді бұзбауға тұрғындардың өздері өтініш білдірген. Бүгін бұл туралы Өргебас ауылына жауапты боп бекітілген Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, жалпы Өргебас ауылындағы 195 үйдің 184-іне 8,5 млн теңгеден аударылған. Қалған қаржылар екінші траншпен аударылатын болады. Баспаналарын өздері салатын тұрғындарға құрылыс материалдарын жеткізіп беру жұмыстарында қолбайлау жоқ. Яғни, Жетісай аудандық әкімдігі құрылыс материалдарын шағырумен айналасатын кәсіпкерлермен келісіп, қажетті материалдарды дер кезінде жеткізіп беру үшін келісімшарт жасасқан.
«Құрылыс материалдарын шығарытын немесе сататын кәсіпкерлерді осында арнайы шақыртып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ. Негізінен құрылыс материалдары Шымкент пен Сарыағаш қалаларынан жеткізілуде», – дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков.
Айта кетейік, жалпы Өргебас ауылындағы 195 үйдің 7-еуінде құжаттары жөнінде мәселе туындапты. Яғни 7 үйдің су алмай тұрып құжаттары мүлдем болмаған. Бір сөзбен айтқанда, уақытылы заңдастырылмаған. Қазіргі таңда бұл үй иелерінің құжаттарын рәсімдеуіне көмек беру жұмыстары жүргізілуде.

 

Бұдан бөлек, өргебастықтық 195 отбасының бәрі дерлік 1000 АҚШ доллларына яғни, өтемақыға құжаттарын түгел тапсырыпты. Оның бүгінде 8 пайызы ғана төленбей тұр. Өйткені бұл құжаттар комиссия қарауында жатыр. Ал 100 мың теңгелік өтемақыға құжаттарды облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасымен бірігіп, құжаттарын түгендеп, комиссияға өткізіп қойған. Жақын күндері аударылады деп күтілуде.
Үй құрылысынан бөлек, Өргебас ауылында үш көпірді қайта қалпына келтіру, 4 негізгі көшеге тас төсеу, асфальттауға дайындау жұмыстары да қатар жалғасуда. Қазірдің өзінде су тасқынынан ойылып кеткен Мәдениет және Бірлік көшелері қалпына келтірілген. Сондай-ақ, қоқыс және қатты қалдықтарды шығару және үй салу жұмыстарына Жетісай ауданы мен Өөбекстан Республикасынан келген 10 арнайы техника мен 170 жұмысшы еңбек етіп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.