Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылындағы №29 мектептің мәжіліс залында Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әлібек Шегебаймен, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгермен «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кездесу кеші өтті. Кеш шымылдығын мектеп директоры Асырауова Айжамал ашып, кездесудің маңыздылығына тоқталды.
Директордың орынбасарлары мен мұғалімдер, оқушылар қонақтарға ұтымды сұрақтар қойып, ақындардың шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Оқушылар өз өлең шумақтарын да тебірене оқып, кездесуді əнмен əрлеп, күймен көркемдеді. Кездесу кешінің мақсаты ақындардың өлеңдерін оқып тыңдау арқылы оқушылардың бойындағы шығармашылыққа деген қызығушылығын ояту болғандықтан Саят Қамшыгер «Мөлдір бұлақ» журналы жайлы кеңінен сөз қозғап, жас ұрпақтың басылымға деген қызығушылығын оятты. Жас оқырмандар журнал жайлы өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу кешінен мектеп оқушылары шабыттанып, қанаттанып шыққанын бірден аңғардық.

Мырзабек РАДОЛЛА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.