2 наурыз күні Алматы қаласы Алатау ауданы №156 жалпы білім беретін мектепте «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер оқушылармен кездесу өткізді.

Мектеп басшысы Г.М.Ахметованың қолдауымен және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Мұстафинованың, С.Ашимбаеваның ұйытқы болуымен жүзеге асырылған кездесуге оқушылар ұстаздарының мұрындық болуымен тиянақты дайындалып келді. Кездесу «Мөлдір бұлақ» журналын бұрыннан білетін, етене таныс оқушылар үшін үлкен қуаныш сыйлады, ал журнал тынысымен енді ғана қаныққан шәкірттерге оң жаңалықтай әсер етті.

Оқушылар ақын ағаларына өздерін толғандыратын жанды, табан астында ойларына түскен сұрақтарын қарша боратты. Бұл шәкірттердің мерзімді баспасөзге деген ыстық ықыластарының айғағындай көрінді. Кездесу соңында оқушылар өздеріне шығармашылық шабыт алып, жазуға ықылас білдіре тарқасты. Балалар арасында жүріп, олардың нені оқығылары келетінін, неге көбірек ниет ететіндерін білу үрдісін Саят ақын өте игі дәстүрге айналдырып отыр.

Айзат Рақыш

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.