ШҚО әкімінің баспасөз қызметі: «Аягөздегі қызыл судан зардап шеккен үйлер қайта қалпына келтіріле бастады.

Аталған ауданға арнайы келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жөндеу жұмыстарына қатысатын барлық құрылыс компанияларын жинап, құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде әрі сапалы жүргізуді тапсырды.  Бүгінде 114 үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Алдағы аптада жөндеу жұмыстары басталады. Ол үшін 259 миллион теңге бөлінген.

Облыс әкімі күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілетін бірқатар үйлерді аралап, тұрғындармен кездесту барысында: «Мен комиссияға өте мұқият түрде жұмыс істеу туралы тағы да тапсырма бердім. Бұл жерге ірі компаниялар келді. Екеуі Семей қаласынан, үшеуі Тарбағатай ауданынан. Дүйсенбіден бастап олар қызметтерін атқара бастайды. Мен келесі айда келіп, атқарылған жұмысты өзім тексеремін.Ал, апат кезінде Аягөздегі 162 үйге су кірген. Қазіргі таңда комиссия барлығын тексеріп, тиісті шешімдерін шығарды. Нәтижесінде 41 үй жөндеуге жарамайтын болып шықты. Бүгінде жергілікті әкімдік 32 баспана сатып алды.  

Сондай-ақ, қаланың кейбір тұрғындары менімен кездесуге келіп, үй талап етті. Мәселен, Подгорная көшесіндегі 171 үйдің тұрғыны — соның бірі. Аталған баспананың жағдайын жеке өзім барып көріп: «Соншалық үрейленетіндей қауіп жоқ. Бұл үйді күрделі жөндеуден өткіземіз. Үй иесі — сенің өзің ешқашан жасамаған жөндеуді жүргізіп береміз»,— дедім. Өкініштісі, табиғи апатты жеке мақсаттары үшін пайдаланып кетуді көздейтіндер қатары көбейіп отыр. Тіпті, өз үйлерін өздері қиратқан жағдайлар да болған.    Осылайша, қазіргі мына жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер қарасы көбейіп кетті. Олар жаңадан үй алғысы келеді. Бірақ, расымен кейбір үйлерге жақсылап жөндеу жүргізу қажет. Бұл мәселеде қоғам белсенділері қайда қарап отыр?! Мұндай жағдайға жол берілмеуі тиіс. Үйі қирап, жөндеуге мүлдем жарамайтын отбасыларға ғана жаңа баспана беріледі. Қалғандарын қалпына келтіреміз. Жақсылап жөндейміз. Көп ұзамай адамдар өз үйлеріне кіретін болады»,— деді.

Азия» құрылыс компаниясының басшысы Әсемхан Досқұжанов: «30 үйді жергілікті мердігерлер жөндесе, қалғандары Семей қаласы мен Тарбағатай ауданынан келген компаниялардың қарамағына өтеді.  Жобалық-сметалық құжаттамалар дайын. Соған сәйкес жұмыс істейтін боламыз. Сметаны кәсіби білікті мамандар жасады. Біз үйдің басым бөлігін аралап көрдік. Барлық іс сапалы және қысқа мерзімде атқарылады деп сендіремін»,— деп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.