Сенат отырысының кулуарында журналистерге солтүстікке қоныс аударғандар не себепті оңтүстікке қайта оралатынын мәлімдеген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова: «Өткен жылы 19 азамат әртүрлі себептерге байланысты оңтүстікке қайта оралды. Олардың айтуынша, ауа райы жақпаған. Бұл жағдай денсаулықтарына әсер етіпті.

Осы себепті олар қайта оралған. Қайта қоныстануға бөлінген қаражатты азаматтарға мемлекетке қайтарудың қажеті жоқ. Себебі, бұл қаражат қайтарылмайтын шығын болып саналады. Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы саласына 10 мың жұмысшы жетіспейді.

Өткен жылы солтүстіктегі өңірлерге 3,8 мың отбасы көшіп барды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары. Биыл 9 мың тұрғынды немесе шамамен 4,5 мың отбасы солтүстікке көшіру жоспары бар»,— деген ақпаратпен бөлісті. Осы жерде: «Қайта қоныстануға бөлінген қаражат кері қайтарылмайтын болса, мұны пайдакүнем жандар «кәсіпке» айналдырып, солтүстіке көшкен болып, артынан ақшасын алып алған соң кері көшуді әдетке айналдырмай ма?»— деген заңды сұрақ туындайды. Бұған министрлік не дейді екен?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.