Уақыты бітсе, оралман мәртебесін ұзарта алады

0
1635

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Жиында аталған заң жобасына қандай өзгерістер енгізілетінін түсіндірген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова: «Сенат шеттен келген қандастарымыздың оралман куәлігінің уақыты бітіп қалған жағдайда, оларға оралман мәртебесін үш айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартып беру туралы өтініш жасау құқығын беретін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасына оралман статусын ұзартуға қатысты өзгерістермен толықтырулар енгізілді. Халықтың көші-қоны туралы қолданыстағы заңға сәйкес оралман статусы оны алғаннан кейін бір жыл өткен соң тоқталылады. Бүгінде этникалық репатрианттар бұрынғы оралмандар түрлі себепке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жетілдірілген тәртіппен ала алмай, жедел азаматтықты алу мүмкіндігінен айырылған. Осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін оралман статусы 3 айдан аспайтын мерзімде ұзартуға мүмкіндік жасау туралы ұсыныс берілді.

Сонымен қатар Қазақстан аумағында тұрақты тұрып жатқан этикалық қазақтарға оралман статусы біткеннен кейін оны қайта ұзартуға 6 ай мерзімінде өтініш білдіре алады»,— деген мәліметті алға тартты. Аталған норма заңды күшіне енсе, азаматтар оралман мәртебесін үш айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту туралы өтініш бере алады. Айта кетейік, аталған заң жобасын депутаттар екі оқылымда талқылап, қабылдады. Енді Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.