Қазақстанның еркін күрес құрамасындағы балуандары Америкаға виза ала алмай отыр.  Олар енді сонда өтетін Әлем кубогына үлремеуі мүмкін. Бұл кубокқа әлемнің ең мықты сегіз командасы рұқсат алған.

Олардың арасында қазақстандық балуандар да бар. Алайда төрт балуан Америкаға визасыз кіре алмайды. Ал неліктен виза берілмегені әлі белгісіз. Ал, Қазақстан құрамасындағы Қуатбек Мұхамбет пен Қайрат Әміртаев жасөспірімдер кубогына қатыса алмауы мүмкін.

Сондай-ақ, Ресей мен Иран елінің спортшылары да визасыз қалғалы отырған көрінеді. Мұның астарында спортқа асясатты араластарған ақ үй билігінің құйтұрқы әрекеті жатқаны анық.  Ұлттық құрама кеңесшісі Мейрамбек Жүсіпов: «Біз қайтадан өтініш бердік. Екеуіне тағы да берілмейтін болып шықты. Біз турнирден бас тарта алмаймыз. Олай болған жағдайда, үлкен көлемдегі айыппұл төлейміз», — дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.