Forbes Қазақстан және Ratel.kz редакциясында тінту жүруде

0
1304

Forbes.kz сайтының бас редакторы Анастасия Новикова: «Алматыда орналасқан «Forbes Қазақстан» журналының редакциясында қазір Алматы ІІБ қызметкерлері тіпт у жүргізіп жатыр. Олардың қолында үкім бар.

Неліктен, ненің аясында екенін айта алмаймын. Редакция білмейді. Бізге қандай да бір сотқа дейінгі тергеу басталды деп ешкім ескерткен жоқ. Аяқ астынан келді. Қазір заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Олар үкімнің көшірмесін алғаннан кейін не болып жатқанын білеміз», — деп жазады. Сонымен қатар соңғы ақпараттарға сүйенсек, Ratel.kz интернет-басылымының редакциясында да тінту жүріп жатқан көрінеді. Ratel.kz журналисті Вадим Борейко: «Қазір мен редакцияда емеспін. Мен басқа қызметкерге хабарласқанмын.

Ештеңе түсіндіріп бере алмайтынын жеткізді. Тек тінту жүріп жатқаны рас екенін ғана жеткізді»,— дейді. Кейбір дерекке сүйенсек, Forbes Қазақстан басылымының бір қызметкері қамауға алынған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.