2018 жылдың 31 наурыз  және 1 сәуір күні «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалының төрағасы А.Мурадов әдеттегідей Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды  бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан 16 балаға  қайырымдылық асын  ұйымдастырды.

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын  берген дұрыс.

Бұл күндерде Атырау облысы ҚХА -ның  «Ахыска» төрағасы А.Мурадов жоғарыда аталған мекеменің тәрбиеленушілеріне тағыда түскі асқа шақырып, өзінің  құрметін  көрсетті.

         «Ахыска» төрағасы А. Мурадов өз сөзінде былай дейді,-

«Қайырымдылықты қастерлі ұғым деп  санаймын, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек деп балаларға өзінің өсиетін білдірді».

Сондықтан да ағайын,  Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз!

                                                                                     Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз