ЭКСПО-2017: Көрмеге «Челси», «Арсенал», «Ювентус», «Милан» келмек

0
2120

Баспасөз мәжілісінде Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев: «Бүгіндері Елордадағы «Астана Арена» стадионында реконструкция жүріп жатыр. Сондықтан 1 мамырға дейін уақытша жабылды. ЭКСПО көрмесі аясында еуропалық командалардың қатысуымен жолдастық кездесу ұйымдастырмақшымын. Сол үшін стадион жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Олардың талабы біреу ғана, яғни алаңның сапасы УЕФА талаптарына сай болуы керек. Атақты ойыншылары келмесе де, «Челси», «Милан», «Арсенал» клубтарының екінші құрамдары келісім беріп қалуы тиіс», – деген пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі кезде үш командамен келіссөз жүргізіліп жатса керек. Спорт басқармасының басшысы: «Өздеріңіз көрдіңіздер, 2015 жылы «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Стадионға жиналған жанкүйерлердің қарасы көп болды. Халықтың футболға деген ынтасы жоғары. Сондықтан ЭКСПО көрмесі аясында жолдастық кездесу ұйымдастыру жоспарымызда бар. Қазіргі кезде «Челси», «Милан», «Ювентус» клубтарымен келіссөз жүргізіліп жатыр», – дейді. Дегенмен, Астана әкімдігі осы басшыға: «Г.Головкин ЭКСПО аясында астанада 17 шілде күні Сондерспен кездесу өткізеді»,— деп хабарлаған мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын айтып, оған ескерту жасағанын ескерсек, бұл мәлімдеменің анық-қанығына нақты көз жеткізу қиындау сияқты. Бірақ, қазақта: «Үмітсіз шайтан»,— деген сөз бар ғой, ендеше әліптің артын бағалық.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.