Беларусь бес күндік визасыз режим енгізеді

0
1960

 БЕЛТА «Беларусь мемлекетке валюта ағынын қамтамасыз ететін шетелдік қонақтарды тарту үшін барлық қажетті жағдайды жасайды»,— деп хабарлады.  Кәсіпорындардың бірінің еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қызметкерлері 80 елдің азаматтары үшін бес күндік визасыз режим енгізу тиімділігіне қатысты қызығушылық танытты. Осы кездесу барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко: «Беларусь шетел туристері ағынына мүдделі және оларды тарту үшін жұмысты жалғастырады. Бұл — Беларусь сыртқы істер министрлігінің басты міндеті. Азаматтар бізді қызықтыратын, әсіресе көрші елдерге емін-еркін барулары керек. Украинаға, Ресейге, Қазақстанға кедергісіз барамыз. Еуропа, Шенген өздерін қорғағысы келеді. Олармен келісуге тырысамыз, туризм бойынша келіссөздер жүргіземіз. Беларуське бес күндік визасыз режим енгізу әлемге елді ашу тілегімен байланысты екенін ерекше атап өткім келеді»,— деді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.