«QAZAQSTAN» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

0
2682

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Qazaqstan» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы Ләззат Танысбайды таныстырды.

«Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», – деп жазды Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

aЕске сала кетейік, бұған дейін төрағалық қызметті 2017 жылдан бері Ерлан Тынымбайұлы Қарин атқарып келген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.