«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Рауан Саурық Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлерінің әскери институты талапкерлерінің ата-аналарымен, талапкерлермен тікелей байланыста жұмыс істейтін әскери қызметшілермен кездесті.

Кездесу барысында әскери оқу орнына абитуриент қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңесін айтты.

Аталған шара аясында әділет капитаны Р.Саурық сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекетке келтірілген зардаптардың статистикасынан мысал келтірді.

  • Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілер мен талапкерлердің ата-аналарын қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында сұхбат жүргіздік, – деді әскери полиция жасағының өкілі.

Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірін ұсынып, жадынама таратты.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз