Министр қытайлық компанияға қатаң ескерту жасады

0
1494
Сурет: Today.kz сайтынан
Сурет: Today.kz сайтынан

Өткен аптада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Шымкенттегі модернизация жасалып жатқан мұнай өңдеу зауытының жұмысын тексерді. Зауыт басшылығының сөзіне қарағанда, зауытты қайта жабдықтау мен жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмысы бірнеше жылға созылып, қайта-қайта кейінге шегерілген жабдықтау жұмыстары 2018 жылы толық аяқталмақ екен. Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50 пайыз үлесі «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі болса, тағы 50 пайызы қытайлық CNPC компаниясының иелігінде. Зауытты модернизациялау тым кешеуілдеп кеткендігі себепті кездесу барысында министр қытайлық әріптестеріне қатқылдау ескерту жасап: «Бірер күнде CNPC компаниясының президентімен кездесемін, егер жобаның аяқталу мерзімі бұдан әрі созылып кететін болса, мерзімі бітуге жақын қалған келісімшартты ұзартпаймын»,— деп қадап айтты. Егер жауапты тараптар уәдесінде тұрса, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың шілдесінде алғашқы өнімін береді және жылына 6 миллион тонна өнім өндірмек. Энергетика министрінің сөзіне сенсек, келер жылдан бастап елімізде бензин тапшылығы болмайды. Себебі Шымкенттегі зауытты қосқанда Атырау мен Павлодардағы өндіріс орындары жаңғырту жұмыстарынан өткен соң жанар-жағармай мен дизель отын көптеп шығарылып, экспорттауға да мүмкіндік тумақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.