Сурет: top-news.kz сайтынан
Сурет: top-news.kz сайтынан

«Алматы Марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева: «Алматыда марафон өтетін күні бірқатар жолдар жартылай жабылады. Марафон 23 сәуір күні сағат 07.00-ден 14.00 аралығында өтеді. Осы уақытта іс-шара өтетін жолдар бойында көліктер үшін  қозғалыс шектеледі.  Жоспар бойынша, Әл-Фараби көшесінің солтүстік жағынан Шығыс айналма жолының батыс бөлігі, Абай даңғылының оңтүстік бөлігі мен Сейфуллин көшесінің Абай даңғылымен қиылысатын тұсынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі бөлігі автокөліктер үшін жабық болады. IV «Алматы Марафонына» қазіргі уақытта 13 мың адам тіркелді. Жүгіруді ұнататындар үшін бірнеше қашықтық ұсынылып отыр. Толық марафон — 42 шақырым 195 метрді, жартылай марафон — 21 шақырымды, спутник жүгіру — 10 шақырымды, скандинавиялық үлгідегі жүріс — 10 шақырымды, балалар үшін жүгіру қашықтығы 3 шақырымды құрайды. Жолдардың жабылуына байланысты осы күнгі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,  Көлік қозғалысы шара аяқтала салысымен сағат 14.00-де қалпына келтіріледі. Марафонға қатысушылардан жиналған ақша қаражаты ауыр науқасты 500 баланың ем-домына жұмсалатын болады»,— деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.