ЛАСТАНҒАН ЖЕР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛУДА

0
2313

Мұнайлы өлкеде шешімін таппай келе жатқан экологиялық мәселелер бар. Соның бір парасы теміржолға да қатысты боп шықты. Мәселенің мән-жайын әріден бастасақ, бұрын қала орталығындағы Ақжайық станциясының қарсы бетінде вагондарды жуу-булау станциясы болған-ды. Мұнда бүкіл вагондар мұнай қалдықтарынан арнайы құралдар арқылы жуылып, тазартылып отыратын. Ол жұмыстарды жеке меншік саналатын «Ақжайық Запад 2006» ЖШС атқарып келген. Бірақ көп ұзамай аталған серіктестік өз жұмысын тоқтатып, станцияны сол күйцінде тастап кеткен. ҚТЖ иелігіндегі ол жерге ешкім назар аудармаған. Тек 13 жыл өткен соң жуық маңда тұратын тұрғындардың шағымынан соң билік пен БАҚ өкілдеріне жеткен. Сонан соң құзырлы органдар мәселені зерттеуге көшіп, қоршаған ортаға зияны барын анықтаған соң, ҚТЖ Атырау жүк тасмалы бөлімшесіне мәселені шешу, лас орынды тазалау жөнінде нұсқама беріпті.Станция орнында бос цистерналар, қаңырап қалған ғимараттар, эстакадалар мен мұнай қалдықтары қалған. Атырау экология департаментінің басшысы А.Сафиннің айтуынша, станция басындағы экологиялық зардаптар жойылуы тиіс.

– Экология департаменті Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде осы ластану фактісі бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – «Атырау ЖТ бөлімшесіне» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жоғарыда аталған станцияны «Ақжайық Батыс-2006» ЖШС пайдаланғанын айта кету керек, бірақ бүгінде бұл кәсіпорын жоқ. Тексеру нәтижесінде топырақ жамылғысының ластануына 2006 жылдан бастап ЖШС таратылғаннан кейін қалған металл ыдыстарда сақталған мұнайдың себеп болғандығы анықталды.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мәселені оң шешу бағытында әуелі жүзедеген адам жұмылдырылған экологиялық сенбілік өткізді. Бүгінде тазалық жұмыстарының екінші кезеңі екпінді жүріп жатыр. 13 жыл бойына жиналып қалған мұнай қалдықтары шығарылып, утилизациялануда. Ол жердегі ондаған тонна концерегендік мұнай өнімдері бүгінде тазартылып алынған. Эстакадалдар бұзылып, ескі рельстер алынып тасталды, орны тазартылып жатыр (суретте).

– Біз осы жұмыстарды атқаратын маманданған арнайы компаниямен келісім-шартқа отырдық. Қазіргі уақытта 170 тонна ластанған топырақ, 30 тонна темір қалдықтары шығарылды. Тазарту жұмыстарына жүзден астам адам мен әр түрлі техникалар қатысып отыр. Таяу күндері бұл жер толықтай тазартылып, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін болады, – дейді Атырау магистральды желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров тазарғанға дейінгі және одан кейінгі жасалған жұмыстарды баннерден көрсете отырып. Сонан соң қоршаған ортаға зиян келтірілген станция басындағы жасалып жатқан нақты жұмыстармен таныстырды. Атырау экология департаментінің ресми өкілі Айдана Сашиянованың айтуынша мәселе үнемі департамент бақылауында тұр, сондықтан зардап жойылады деген сенімде. Ал болашақта бұл жерде үлкен логистикалық орталық құрылу жоспары бар.

Қосұйым Мұқашев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.