Биыл қандай міндеттерді шешу керектігін айтып берген Спикер Нұрлан Нығматулин: «Қазіргі кезде мәжілістің портфелінде 61 заң жобасы бар. Бізге осы сессияның аяғына дейін ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін біраз маңызды заңды қабылдауымыз қажет. Мәселен, бүгін біз бірқатар заң жобасын жұмысқа алып отырмыз. Соның ішінде Экология кодексінің жаңа редакциясы да бар. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс бойынша біраз еңбектену керек. Сондай-ақ, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізіледі. Біз жаңадан әзірленген Әкімшілік-процедуралық іс жүргізу кодексін қарастырамыз. Бұдан басқа да маңызды заң жобалары талқыланады. Сессияның аяғына дейін онға жуық үкімет сағаты ұйымдастырылады. Заңгерлік көмек көрсету және орта білімнің сапасына арналған парламенттік тыңдаулар да өтеді.», – деп атап өтті.

Ермек Сахариев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.