Сүт өнімдері 7 пайызға қымбаттады

0
426

energyprom.kz-тің хабарлауынша, елімізде сүт өнімдерінің бағасы өткен жылы 6,8 пайыз өссе, еліміздегі инфляция деңгейі 5,3 пайызды құраған, алайда азық-түлік бағасы 8,2 пайызға қымбаттаған. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қол сүтінің 1 литрі орташа есеппен 222 теңгені құраған, ал бір жыл бұрын ол 211 теңге болған, пастерленген сүттің 1 литрі – 251 теңге, 2018 жылы ол 228 теңге шамасында болған. Елі-мізде сүт өндіру көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Өткен жылдың 11 айында 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 476,3 мың тонна болған. Сүт өнімдерінің 30 пайызы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Қостанай
облыстары да көш басында тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.