«Шантаж жасаушысыңдар ғой…»

0
443

Балам үйге қуанып келді. Қолында сөмке.
— Ау, мынауың не? – деп бәріміз елеңдеп қалдық.
— Сөмке тауып алдым.
— Ішінде не бар екен? – деп бүкіл отбасы мүшелері жапырласып жиналып қалдық. Ішінде біраз ақша, ең бастысы құжаттар (жеке куәлік, жүргізушінің куәлігі, техпаспорты т.б) бар болып шықты. Иесінің телефонын да таптық.
— Көке, ақша сұрасақ қайтеді? – деді балам пысықсынып.
— Қажеті жоқ. Сүйіншісін беріп жатса көрерміз, – деп мен күлдім де қойдым. Қоңырау шалдық. «Барамыз!» деді бір ер кісі қысқа қайырып.
Таң атпай есігіміз тарсылдады. Біз барып ашам дегенше тіптен бір-екі мәрте дүрсілдетіп те кетті. Есікті аштық. Дәу төрт-бес жігіт сау етіп кірді. Түрлері суық. Алдыңғысы сәлем-сауқат жоқ әкіреңдеп сөйледі.
— Біз сендерге көрсетеміз! Бізге шантаж жасамақсыңдар ғой ә?
Біз абдырап қалдық. «Сүйінші» түгілі бізді қорқытпақшы. Содан соң мен де салқын түрде:
— Әй, жігіттер! Бөтен үйге кіргенде сәлемдесу керек емес пе? Сендерден бізге ештеңе керегі жоқ. Мә, алыңдарда тайыңдар! – дедім. Енді олар абдырады. Екпіндері әп-сәтте басылды.
— Біз…біз, – деп күмілжіп қалды.
— Жә, жә, барыңдар. Заттарыңды енді жоғалтпаңдар! – деп олардан құтылғанша асықтық.

Ертай Айғалиұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.