«Педогог» сөзі грек тілінен аударғанда «пайдос» – бала, «гогос» – жетектеу деген мағынаға ие. Яғни «бала жетектеуші». Тамыры тереңге бойлайтын педагогикалық мамандық – кәсіби топтық аясындағы қызмет түрі. Ол белгілі сипаттағы кәсіби педагогикалық міндеттерді қою және шешуді қамтамасыз ететін білім беру нәтижесінде меңгерілген білім, білік және дағдылар жүйесінде сипатталады.
Сондай- ақ мұғалімдер қауымының беделі мен еңбекақысы әлем назарынан тыс қалған емес. Мысалға алар болсақ әлемнің дамыған елдерінде яғни Мексика ұстаздарының жылдық еңбекақысы 68343 доллар құраса, Германияда 61317 доллар, АҚШ 42695 долларды құрайды. Ал Азия елдерінде көшбасында Оңтүстік Корея мен Жапония 29252 доллар мен 27627 доллар. Біздің мемлекетімізде мұғалімдер мәртебесі тәрбие беруден жалдамалы жұмысшы сияқты іс атқарады, сонымен қатар сенбілік кездерінде көше сыпыру, көптеген міндет жүктеледі. Қоғам көрді, халық куә. Жақында қабылданған заң арқылы бұл қателіктердің біразына шектеу қойылғандай. Осы тазалық жүргізу сияқты мәселе төңірегінде Алматы қаласындағы №47 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлеевпен сұхбаттастық.

— Құрметті Сұлтан аға, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, орта білім мекемелеріндегі педагогтардың нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөнінде норма бекітілді осы ережеге өзіңіздің ойыңыз қандай?

— Ставканы 16 сағатқа төмендету өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі қазіргі жаңартылған білім мазмұнының талаптарында мұғалімге өте көп дайындалу керек. Әр сабаққа тыңғылықты дайындауға 2-3 сағат уақыт керек. Бұрынғыдай 45 жыл стажың болса да қырық бес минут дайындық керек, – деген қанатты сөздің уақыты өтті. Қазіргі қырық минутқа ұстаз екі-үш сағат уақыт жұмсайды. Бұл дәленденген. Сонымен қатар ТЖБ мен БЖБ-дың да тапсырмаларын мұғалімнің өзі дайындау керек.

— Халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімге үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы беру қарастырылған: Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын даярлау оңай жұмыс емес. Сондықтан мынау үш жалақы көлемін көбейту керек шығар? Спорттық олимпиада чемпиондарының жаттықтырушыларын марапаттау керек. Себебі біздің білім саласындағы олимпиада жеңімпаздары да еліміздің мәртебесін көтеретіні анық. Бір түсініксіз жағдай, олимпиаданың қай түрі? Қашықтық олимпиадаға да қатысып жүлде алатындар бар, олар ескерілмей ме?

— Ауылдық жерде тұратын мұғалімдерге жер телімін алуда басымдық беру. Бұл шикі бап. Біріншіден ауылдада бос жатқан жер болады деп ойламаймын. Екіншіден мұғалім үй салады ма, әлде өзінің жұмысын атқарады ма? Қыз болса ол не істей алады? Басымдық беру дегеннің өзі де резинкеше созылатын норма. Көп балалы аналар, ардагерлер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұялар да басымдыққаие. Жас маман күнде әкімдіктің есігін тоздыра бермейтіні анық. Бір-екі реттен кейін бармайды да.
Осы норманың орнына баспана беру жағын қарастыру керек. Ипотека болса да.

— ЖОО-дан басқа білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерді әскерге шақыруды кейінге қалдыру көзделген: Әскерге шақыруды кейінге қалдыру – деген норма әншейін қосыла салған әңгіме сияқты. Педагогтың 80-пайызы қыз балалар. Оларды әскерге онсыз да шақырмайды. Ал қалған 20-пайызы ер балалардың өздері-ақ әскерге баруға мүдделі болуы мүмкін. Немесе денсаулығы жарамауы мүмкін. Мұғалімнің екі баласы болса, әке-шешесінің жалғыз ұлы болса әскерге алмайтын заң тағы бар. Сонда бұл баптан кімге жеңілдік болады?

— Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараларды атқаруға міндеттегені үшін көбірек айыппұл төлету жағы (20-120АЕК айыппұл) қарастырылған:
Мұғалімдерді басқа жұмыстарға тартқаны үшін 120 АЕК дейін айып салынады дейді. Өте дұрыс бап. Бізде көше сыпырып жарақат алғандар, мектептің шаруашылық жұмыстарына жегіліп мүгедек болған мұғалімдер қаншама. Бірақ биліктің өзінің кез-келген шарасын мектеппен байланыстыра білетін әдеті бар. Не мұғалімдерді немесе оқушыларды баруға міндеттейді. Оқушы барған соң оларға жауап беретін мұғалімнің де салпақтап қоса баратыны белгілі. Бұл баптың қазір көп дау тудыратынын мен қазір біліп отырмын.

— Мұғалімнің ар-намысына тию фактісі Әкімышілік кодекстегі жеке бап бойынша жазаланады (30АЕК) көлемінде айыппұл, қайталанған жағдайда әкімшілік қамауға алу жазасы да бар осы заңдарға пікіріңізді білдірсеңіз?

— Мынау әрекетке байланысты. Жеке тұлғаның ұстаздың ар-намысын таптайтын, қорлайтын (оскорбление) сөздерді айтқаны үшін санкциялары: 40-АЕК немесе бес тәулік әкімшілік қамау қарастырылған. Енді сұрақ туады. Осы әрекеттердің қайсысын сот қорлау деп табады: намысына тию, сынау, ескерту, боқтау, балағаттау, келемеждеу сықақтау, жаман сөзді қақпағаға жазу, әлеуметтік желіде суреттерін тарату т.б әрекеттер.
— Осының қайсысы қорлау болып табылады? Және қорлау кімнің тарапынан болды? Оны қалай дәлелдеу керек?
Осы баптың қолданылу тәртібі мен этикалық нормаларын анықтау керек. Бұл бап та талай дау туғызатын болады. Меніңше мұғалім қорлау сөз естуге немесе ерсі әрекетке жеткіз-беуі керек. Өзім отыз жылдай жұмыс істеп ондай қорлау дегенмен кездесіп көрмеппін. Мұнан кейін де болмайтын шығар деп үміттенемін.
Қоғамда ұстаз деген қауымды әл-Фараби мен Абайдай кемеңгер ретінде орын алу үшін не істесек болады, жалпы ұстаз тау тұлғалы асқар шың, тұңғиық терең мұхит секілді жан иесі емес пе? Оның әрбір айтқан сөздерінде ұлттың болашағы тұр,
Ұстаз деген керемет ол ғаламда,
Басын иген Фарабидей бабам да.
Ұшқан құста, жортқан
аңда барлығы,
Басын иір жер де, көк те сағанда.

Әл-Фараби Сейтқазы, Орталық Азия Университетінің
3 курс студенті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз