Сен ҰБТ тапсырдың ба?

0
398

Жылына 4 рет өткізілетін бұл шараның  оқушыға не қажеті бар?

16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілді. ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1–15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылған. Нәтижесінде 2020 жылғы 16–20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берген.

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының өкілдері жұмылдырылған. Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді. Осы ҰБТ-ға орта мектептердің 11 (12) сынып оқушылары, бірінші академиялық оқу кезеңін аяқтағанға дейін (шартты түрде қабылдау) ЖОО-ға қабылданған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобында оқитын және басқасына ауысуға ниет білдірген студенттер қатысады. Өңірлерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберілетін, апелляциялық комиссиялар құрылатын медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылатын және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа қажет болған жағдайда, жеке көмекшілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған сурдоаудармашылар ұсынылатын болады. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде 594 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылды. Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді. ҰБТ-да 820 аудитория пайдаланылып, аудиториялар ұялы байланыс құралдарының жұмысын басатын құралдар және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Ақылы бөлімде оқитын талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Тестілеу ақылы, құны – 2 242 теңге.  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатындар

– Орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін). Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені  қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады;

–ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер. Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді. Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады. Еске сала кетсек, тест тапсырушылар қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.