Атам қазақ «Ауру астан» деп бекер айтпаса керек. Біз диета ұстамай-ақ дұрыс тамақтануды қолға алатын болса, күнделікті ішіп-жейтін көптеген тағамдардан бас тартуымызға тура келеді. Адам азғасы үйреншікті тағамдарсыз-ақ бір қалыпты сақтай алады. Ол үшін тамақтану уақыты мен ішіп-жейтін астың мөлшерін дұрыс қадағаласа болғаны.

Алайда дұрыс тамақтану дегеніміз диета сақтау деген сөз емес. Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салты. Ал диета адамды тек белгілі бір уақыт аралығында көптеген тағамдарды жеуден тыюға негізделеді.

Егер  дұрыс тамақтану жүйесіндегі қағидаларды ұстансақ, газды тәтті сусын, фастфуд және жартылай фабрикаттарды жеуден бас тарту өте маңызды. Жалпы дұрыс тамақтану рационын күнде таңертең бір стакан жылы су ішуден бастаған дұрыс.  Негізі таза ыстық су асқазанды ас қалдықтарынан тазартып, ағзадағы барлық жүйелерді бірқалыпқа келтіреді. Тек қана су ішпей, стаканға лимон шырыны мен бір қасық балды, зімбір шырыны мен ұсақталған корицаны қосып жіберсе де болады. Бұл қоспалар ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Таңғы асты 15-30 минуттан соң ішу керек. Күні бойы су ішу де өте маңызды саналады. Егер рұқсат етілсе, бір күнде 2 литр таза су ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стакан су ішуге әдеттенген жақсы нәтиже береді. Нәтижесінде ісіну азайып, алқыну жоғалады, ал тамаққа тәбет ашылады. Негізі ересек адам да балабақшадағы секілді, күніне 4-5 рет шағын мөлшерде тамақтануды үйренуі керек. Ас қабылдау арасындағы ұзақ уақыт ас мөлшерін көбейтіп, тамақты артығымен жеуге, адамның асқа деген тәбетінің ашылуына себеп болады. Жатар алдында да көп тамақ жемеу керек. Бірақ сағат кешкі 18:00-ден кейін тамақ ішпеу керек деген қағидаға сүйеніп, ашығып қалуға болмайды. Ең соңғы ас қабылдау жатардан үш сағат бұрын болуы керек. Түн ортасында ұйықтайтын адам үшін кешкі ас 21-00-де ішілгені дұрыс.

Дегенмен диетолог Даниэла Крел кейбір күнделікті ішетін тағамдар мен өнімдердің құрамында да пайдалы заттармен қатар сынап сынды түрлі зиянды заттар болады дейді. Маман бұл тізімге конвервідегі өнімдерді енгізген. Мәселен, мұндай қызанақта ликопин антиоксиданты болады. Бұл  иммундық жүйені нығайтып, қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады. Алайда оның банкада сақталатыны қауіпті. Оның ішкі қабатында бисфенол А болуы мүмкін. Бұл зат тағамға түссе гормондар балансы бұзылуы мүмкін. Сондықтан Крел шыны ыдыстағы конвервілерді таңдауға кеңес береді. Диетолог балық жеген кезде де абай болуы керек дейді. Өйткені пайдалы заттармен қатар оның құрамында сынап болуы мүмкін. Балықтың құрамындағы сынаптың деңгейі оның жасы мен қай жерде өсірілгеніне байланысты. Диетологтың айтуынша, ақсерке балығының жеміне антибиотиктер қосылады. Сондықтан ол күрішті азырақ жеу керек екенін айтады. Диетолог тазаланған ақ күріште пайдалы заттар мүлдем жоқ деп отыр.

                                  

                                                                                              Тілекгүл Есдәулет

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.