Барлық рентгенологиялық зерттеулерді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өтуге болмайды! Сонымен қатар 15 жасқа толмаған тұлғалар және жүкті әйелдер, әсіресе бірінші триместрде өтуге тыйым салынады.

Ал флюорографияны босанғаннан кейінгі алғашқы күндері әйелдерде туберкулезді анықтау мақсатында жүргізеді. Процедурадан кейін сүт порциясын сүзіп тастап, содан кейін ғана баланы емізуді жалғастыруға болады.
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары «флюорография кезінде рентгенологтың барлық ұсыныстарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады, – бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді» дейді.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің скринингтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Қоңыршина: – Кеуде қуысының флюорографиясы – кеуде қуысы мен өкпе органдарын рентгенологиялық тексерудің профилактикалық және диагностикалық әдісі. Кеуде қуысының флюорографиясы обырды, туберкулезді және өкпенің кәсіби ауруларын анықтау үшін скринингтік зерттеу болып табылады, – дейді.
Маманның айтуынша, флюорография диагностикалық мақсатта жылына 1 рет барлық ересектер мен 15 жастан бастап жасөспірімдерге жүргізіледі. Алайда осы тексеру жиі жүргізілетін адамдар тобы бар (жылына 2 рет). Олар: «зиянды өндірісте» жұмыс істейтін адамдар (болат құю, кен өндіру, резеңке, асбест, полипропилен өндіру зауыттары, сондай-ақ химиялық кәсіпорындар), балалармен жұмыс істейтін адамдар (педагогтар, тәрбиеші), перзентханалардың, туберкулезге қарсы диспансерлердің, инфекциялық бөлімшелердің және перинаталдық орталықтардың медицина қызметкерлері, созылмалы патологиялары бар емделушілер (демікпе, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және т.б.) Гүлжан Қоңыршина атап өткендей, флюорография арнайы дайындықты қажет етпейді және кез келген уақытта өткізіледі.
Ал флюорографияға дайындалу және оны өткізудің өзіндік тәртібі бар. Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек – бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді. Ем-шара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, ем-шара алдында барлық металл заттарды (шынжыр, алқа т.б.), сондай-ақ бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек. Ұзын шашты суретке кедергі жасамауы үшін төбеге жинап тастау ұсынылады. Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан ол жатқан науқасқа тағайындалмайды. Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтіп аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.
Флюорографияны не үшін жасау керек? Флюорограмма дені сау, бұрын ешқандай өкпе ауруымен ауырмаған адамда қалыпты болады. Флюорография нормасы – қара дақтарсыз өкпе суреті. Патологиялық флюорограмма – бұрын ауырған немесе бар ауруды куәландыратын өзгерістер анықталғанда болады: түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер, қабыну ошағы, фиброз, өкпе туберкулезі, бөгде денелер, ішкі органдар тіндерінің некрозы, абсцестер.
«Әрине, өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ ол өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін процедура өкпенің алдын алу диагностикасында ең қажетті нәрсе болып табылады», – дейді Гүлжан Қоңыршина.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.