Сурет: Defend Democracy Press
Сурет: Defend Democracy Press

КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Германияның Bild басылымына берген сұхбатында: «Ресей мен батыс елдері арасында «жаңа қырғи қабақ соғыс» қаупі бар. Қаһарлы сөйлеуді жиілеткен саясаткерлер мен жоғарғы шенді әскерилер сөздерін баспасөз құралдары да қағып алып, отқа май құйып отыр. Ірі держвалар арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы — әлем соғысқа дайындалып жатқандай әсер қалдырады. Қырғи-қабақ соғыс белгісі айқын білініп отыр. Қазіргі кезде Ресей мен Батыс елдерінде қайтадан жаппай қарулану кей аймақтарда басталып та кетті. Еуропаға әскер, олармен бірге танкілер мен беренді машиналар сынды ауыр техника да келіп жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын НАТО мен Ресей әскері бір-бірінен айтарлықтай алыста болса, қазір бетпе-бет тұр»,— деп, өзінің неден қауіптенетінін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.