CWYAX6 beijing zhengyanmen at night

Қытай мен оның айналасына тараған коронавирус індеті ай күнтізбесі бойынша жаңажылдық демалыс күндеріне тұспа-тұс келді. Қытайлар үшін бұл жаңа жыл – отбасылық мереке болып саналады, әдетте олар жақын адамдарымен бірге қонақтарға, жаңажылдық жәрмеңкелерге, сауда орталықтарына және туристік орындарға барады. Алайда, биылғы көктем мерекесі (Чуньцзе) Бейжің тұрғындары мен қонақтары үшін айрықша болды. Коронавирустық індет таралуының алдын алу үшін Бейжіңнің негізгі көрнекі орындары, музейлері мен монастырлары жабылды. Ойын-сауық орындары мен мейрамханалардың көпшілігі жұмыс істемейді. Барлық бұқаралық мәдени-сауық шаралары, атап айтқанда, жаңажылдық жәрмеңкелер, кино премьералары және спорттық жарыстар тоқтатылды. Теміржол вокзалдарында, әуежайлар мен метрода жолаушыларды санитарлық бақылау шаралары күшейтілді. Бүгінде Бейжің – даңғылдары, саябақтары, туристік көшелері мен метросы бос қалған мегаполис. Бейжіңде азық-түлік тапшылығы жоқ, супермаркеттер мен шағын азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Ел астанасы билігінің шешімімен, қаланы сумен, электрмен, газбен, коммуникациямен, көлікпен және тағаммен қамтамасыз ететін ұйымдар қалыпты режімде жұмыс істеуі керек. Қазір Бейжің қалыпты жұмыс күндерінің басталуына және Жаңа жыл мерекелерінен кейінгі тұрғындардың әдеттегі режимге оралуына дайындалып жатыр. Күн сайын барлық қоғамдық орындар – лифттер, баспалдақтар және алаңдар дезинфекцияланады. Кеңсе ғимараттарында және тұрғын үй аулаларының кіреберістерінде температура өлшенеді. Тағы бір жаңалық – Бейжің метросында міндетті түрде қорғаныс маскаларын кию. Маска киюден бас тартқандар метроға кіргізілмейді.

Бетті дайындаған — Ермек Сахариев

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз