«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысына қатысты.

            Бауыржан Байбек Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың партия органдарының алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс форматы мен тәсілдерін жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

– Партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті мәселелерді өткір талқылап, осы бағытта заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізетін белсенді алаңға айналды. 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында орталық және аймақтық деңгейде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің отырыстары өткізіліп,  білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету сұрақтары, сонымен бірге аймақтық Кеңестердің жұмысы қаралды, – деді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбктің айтуынша, осы кезге дейін құқықбұзушылықтарға жол бергені үшін партияның 196 мүшесі, атап айтқанда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің басшылары партиялық жауапкершілікке тартылған. 2019 жылдың 2-ші жартыжылдығында ғана 96 партия мүшесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін партия қатарынан шығарылған.

«Партия атына сын боларлық мұндай “бармақ басты, көз қысты» әдеттен арылу үшін «Nur Otan» партиясы партияішілік праймериз өткізу керек» дейді Бауыржан Байбек.

– Орталықта, сондай-ақ өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізушілерге қойылатын талаптар бар. Олар  объективті, принципшіл және жауапты болуы тиіс. Сондықтан қазіргі кезде партия тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестерге кадрларды таңдаудың тиімді жүйесі құрылуда. Сондай озық технологияның бірі ретінде партияішілік праймериз өткізуді қолдаймын. Бұл тәсіл тек партия жанындағы түрлі кеңестерге ғана емес, партия атынан алдағы сайлауларға ұсынылатын адал, іскер, ел сенетін тұлғаларды да іріктеуге өз септігін тигізеді,- деді партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Бүгінгі таңда «Nur Otan» партиясы халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударып отыр. Осы мақсатта Кеңестердің партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара қарым-қатынасы ұйымдастырылған, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке «жедел желі» ашылып, азаматтардың шағымдарына әрекет етудің нақты алгоритмі жасалған. Жедел желі арқылы барлық арыз-шағымдар кейіннен өзекті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмысындағы тәуекелдерді талдау үшін барлық мәселелер тіркеледі.

 

Тілекгүл Есдәулет

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.