Mark Zuckerberg
Сурет: bbc

 

Facebook компаниясының құрушысы Марк Цукерберг өлтірілу видеосы әлеуметтік желіде бірнеше сағат жарияланған Роберт Годвиннің жанұясына көңіл айтты. Бұл туралы BBC сайты жазады.

74 жастағы Роберт Годвин күтпеген жерден Стив Стивенс тарапынан өткен жексенбіде Огайо штатының Кливленд қаласында атып өлтірілген. Марқұм шіркеуден үйіне қайтып келе жатқан.

Стив Стивенс сейсенбі күні өз-өзіне қол жұмсап өлді. Полиция оның өлімін жыл сайын өтетін F8 Facebook құрушыларының конференциясына 1 сағат қалған кезде хабарлаған.

Цукербургтің әлеуметтік желісі өлім сахнасы жарияланған бейненің тек 2 сағаттан кейін өшірілгені үшін қатты сынға алынды. Ал Кливленд полиция бастығы Калвин Уильямс қылмыстың орын алуында Фейсбуктің рөлі үлкен екенін мәлімдеді.

CCS Insight компаниясының аналитігі Джефф Блейбер BBC арнасына берген сұхбатында:» Фейсбук компаниясында көптеген талантты қызметкерлер істейді және жасанды интеллекттің дамуы үшін тер төгуде. Жасанды интеллект қолданушылар тарапынан жарияланып жатқан қауіпті видеоларды уақытында табуда және тез өшіруде маңызды фактор болуы мүмкін»-деді.

Өз кезегінде Марк Цукерберг болған жайттан тиісті сабақ алынатын және болдырмау үшін шаралар қолданылатындығын айтты.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз