«Мүгедек жандарға, еңбекке жарамды болғанымен оқуда жүрген және күтіммен айналысып жүрген кісілерге мұндай талап қойылмайды. Яғни, үш жасқа дейінгі баланы немесе отбасында мүгедек туысын қарап отырған адамға, отбасында ересектерінің бірі бірінші және екінші топтағы мүгедек болса, күтімді талап ететін қариясы болса – онда жұмысқа орналасу бойынша мұндай санаттағы азаматтарға шарт болмайды», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың басты мақсаты алдымен халық санасын масылдық психологиядан арылтуға  бағытталғанын қайталаумен келеді. Яғни, халықты еңбекке ынталандыру арқылы табысын арттыру мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін 3 жылдан бері Қазақстанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Былтыр «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 623 мың адам жұмыспен және кәсіпкерлікті дамыту шараларымен қамтылған. Оның ішінде 416 мың адам жұмысқа орналасып, 131 мың адам әр түрлі сала бойынша білімін жетілдірсе, 46 мың грант пен шағын несие беріліп, оңтүстіктен солтүстікке 9 мың адам көшірілген. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тағы да жетілдірілді. Енді қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ бағдарлама аясында  «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» сияқты жаңа тетіктер жүзеге аса бастайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз