Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндетіміз. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өзара тығыз байланыста.

Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты  № 177 жалпы білім беретін мектептің 7 сыныптың сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, «Тәуелсіз елдің жастары» атты көңілді тапқырлар сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 7 сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы деген озат оқушылары қатысты.

Игі шараны ұйымдастырудың мақсаты- жас ұрпақты  ақыл – парасаттылыққа, адамгершілікке сіңіре отырып, ойлылыққа , тапқырлыққа және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу. Сайыс 3 кезең бойынша өтті. Алғашқы бөлімде сайысқа қатысқан топтар өздеріне берілген әзіл-қалжың тапсырмаларын қызықты да, тартымды етіп өнерлерін көрсете білді. Екінші бөлімде оқушылар үйден дайындап келген тәрбиесі мол, өнегелі бейнефильмді дыбыстап өз өнерлерін көрсетті. Ата – бабалардың үлгі – өнегесін, тәлім-тәрбиесінүй тапсырмасы кезеңінде көрініс түрінде көрсете білді. Аталмыш сайысқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Алдибеков Марат, Дүйсенова Шәмшат, Райымқұлова Құралай бастаған жақсы мен жайсаңдар қазылық жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Айтқазиев Жігер бастаған «Жетісу» тобының сайыcкерлерінің еншісіне тиді.

Мектебімізде оқушыларды жаңашылдыққа жетелей отырып, өткені­мізді білетін, бүгінімізді түсінетін, бола­шаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу ісі де еш уақытта шет қалған емес.  «Патриотизм – Отанға, елге деген махаббат!», – деп Бауыржан Момыш­ұлы атамыз айтқандай, тәуелсіздігіміздің тарихын ұрпақ санасына сіңіріп, патриот­тық сезімнің әрқайсысының жүрегінде орын алатындай азамат пен азаматша тәрбие­леуге үлкен үлесімізді қоса білейік.

 

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 177 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Мадина Жумагалиева

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.