Елу жыл дәрігер болған Заура апа

0
452

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, ең қызықты да қиын сала дәрігерлік қызметті ұзақ жылдар абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шыққан Сарсембина Заура Құлжанқызы 85 жасқа толып отыр. Білікті дәрігер 1935 жылы 15 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. 1953 жылы орта мектепті тәмамдаған бойжеткен Заура әсем астана Алматыға келіп, Алматы медицина институтының емдеу факультетіне түседі. 1959 жылы мамандық иесі атанып, Павлодар облысы, Баянауыл ауданына участкелік бас дәрігер болып қызметін бастайды. Осы жерде 11 жыл талмай қызмет етіп, Алматыға қоныс аударып, Алма-Ата санаториіне дәрігер-физиотерапевт болып орналасады. 1972 жылы Республикалық консультативтік емханаға бас дәрігер болып тағайындалады. Бұл жылдар Заура Құлжанқызының қоғамдық және жемісті еңбегінің нағыз кемеліне келген кезең болды. Заура Құлжанқызы 1989 жылы «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігер» құрметті атағы берілген. Медицина саласында 50 жылға жуық еңбек еткен.
Құрметті, Заура Құлжанқызы! Сізді мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен береке тілеймін!

Ізгі ниетпен: Раиса Үмбетбаева

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.