Елдің еңсесін көтеретін, ол ­– демография. Ол үшін аналарға қолдау өте қажет. Қуанышты жаңалықтың бірі: бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. «Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін бірқатар жәрдемақылар қарастырылған. Сонымен, бала туу және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі үшін жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 2019 жылы бюджеттен 78 млрд теңге, МӘСҚ-тен 167 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы бюджеттен 84 млрд теңге және МӘСҚ-дан 187 млрд теңге бөлінеді», – деді Еңбек министрі. Сондай-ақ, ол бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің зейнетақы жарналары субсидияланатынын атап өтті.

 

Нағашыбай Қабылбек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.