Қазақ тілі қазақ халқының жаны болса, қазақ баспасөзі, оның қозғаушы күші, Ұлттық мүдде сынға түскенде ең алдымен шырқырап ара түсетін де, жазатын да Қазақ баспасөзі. Қазақ газеттері мен «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналы бірігіп, «Қазақ баспасөзінің жағдайы алаңдатады» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Алқалы отырыстың шымылдығын «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры Сәуле Мешітбайқызы ашты. Ел анасының сөзін Е.Айғалиұлы жалғап, қазақ газеттерінің тағдырына қатысты қордаланған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Жиынға «Президент және халық» газетінің редакторы Марат Тоқашбаев, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық -білiм академиясының Орта білім беру орталығының директоры Манара Елекенкызы Адамова, «Жыл он екі ай» журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы сынды редактор, журналистер қауымы қатысты. Жиналған барлық редакторлар тарапынан таралым, баспахана, әлеуметтік жағдай, оқылу, сауаттылық мәселесіне байланысты көптеген ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстелге «Почта сервисі» филиалының директоры Нұржан Жабаев, баспасөзді тарату жөнінен Сәуле Шамарова қатысты. Олар да көпті мазалаған түйіткілді мәселелердің шешудің тәсілдерін нақтылап өтті.
Жиын барысында «Жыл он екі ай» журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы «Дәуір» баспасын қайтаруды ұсынды. «Ол – журналистердің қаламақысына қаланған баспахана» деп көптің көкейіне ой салды. Қазақ баспасөзі – қазақ ұлтының жаны, тәлім-тәрбие негізі. Рухани баюдың жолы емес пе?
Бүгінгі отырыста сөз болған көкейтесті мәселелер шешімін табады деген сенімдеміз.

#қазақгазеттері
#Qazaqstandauiri #дөңгелекүстел

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз