21-23 ақпан аралығында Францияның Канн қаласында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында, The Oware Society ұйымы мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ашық Еуропа кубогы өтті. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мәліметінше, жарысқа Ұлыбритания, Италия, Антигуа мен Барбуда, Чехия, Гана, Нигерия, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен барған үздік спортшылар қатысқан. Нәтижесінде, ерлер арасында (рапид): 1 орын – А. Қайдаров (Қазақстан); 2 орын – M. Дулатбеков (Қырғызстан); 3 орын – С.Бонти Асамоа (Ұлыбритания); 3 орын – M. Де Лео (Италия) иеленді. Әйелдер арасында (рапид): 1 орын – Қ. Есіркепке (Қазақстан); 2 орын – А. Шамбетоваға (Қырғызстан); 3 орын – H. Koтинова (Чехия) мен Н.Сұлтанмұратоваға (Қырғызстан) бұйырды. Ерлер арасында (блиц): 1 орынды – А. Қайдаров (Қазақстан); 2 орынды – M. Дулатбеков (Қырғызстан); 3 орынды – С. Бонти-Асамоа (Ұлыбритания) мен M. Дe Лео (Италия) иеленді. Әйелдер арасында (блиц): 1 орынды – Қ. Есіркеп (Қазақстан); 2 орынды – А. Шамбетова (Қырғызстан); 3 орынды – H. Koтинова (Чехия) мен A. Дe Фазио (Италия) еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен жарыстың бас демеушісі «The One Hotel Astana» қонақ үйінің сыйлықтарымен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.