Қордайдағы оқиғаға қаны қызып жатқан қазақ көп секілді. Иә, ішкі саясатта кемшілік көп… Толеранттылықты алға тартып, жергілікті халықты өзгенің астына жығып беруге әуестік жиі кездеседі бізде. Оған көз үйренгелі қашан? Ел тыныштығы үшін «Еркек тоқты құрбандыққа» шалынады үнемі. Жә, ол бөлек әңгіме.
«Бірде Астанадағы жаңа вокзалға бір ағайынды шығарып салып машинама келе жатсам, екі жас жігіт такси ұстап тұр екен. Баратын жағы маған жақын болғандықтан, (және артық ақша қалтаны теспес деген оймен) оларды «іле» кеттім. Екеуара сөздерінен түрлері қазаққа ұқсағанымен тілдерін түсінбей келемін. Содан қазақша жөн сұрап едім орысша тіл қатты бірі.
— Әй, қазағым-ай, өз тілің тұрғанда, өзге тілде нең бар еді? – деп, өзімше ұлшылдығыма басып едім, ту сыртымда отырғаны: «Біз ұйғырлармыз. Қазақ емеспіз» дегені жұлып алғандай. Менде қайбір жетісіп тұрған мінез бар, жол жиегіне тоқтадым да өзімше оларға лекция оқи бастадым. Баяғы, дархан қазақ, жомарт қазақ, тәуелсіз ел туралы, осы жерде туғандықтан қазақтың тілі мен дәстүріне құрметпен қарау туралы телегей теңіз ақылды төгіп тастадым. Бір кезде әлгінің бірі, — дядя, мозгу не компостируите. Нам казахский язык не нужен. У нас есть свой язык. Нам это хватит- деп машинамнан түсіп, есікті тарс жауып кете барды. Бұдан артық қорлық бар ма? Жердің тесігі болса кіріп кетер едім. Бесіктен белі жаңа шыққан екі боқмұрын ұйғыр баласы намысымды таптап, жерге тірідей көміп кетті мені» деп танысымның көзі жасаурап тұрған сәті көз алдымнан кетпейді ….

Нағашыбай Қабылбек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз