Ләззат Ахатова, заңгер: Бар жауапкершілікті әйелдер көтеріп отыр

0
339

Тәуелсіздіктен кейінгі тоқырау басталған жылдары әйелдер ала қап арқалап, күнкөріс қамымен кетті. Бала-шағаға тәрбие беретін ресурстары «қайтсем балаларыма ішер ас, киер киім тауып берем» деген тұрмыстық мәселеге жұмсалып кетті.

“Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?”-дегендей, бәрі жетіп тұрса, үкіметтен әр бала үшін жеткілікті түрде көмек алып отырса, отбасында балаларын тәрбиелеп отырар еді ғой. Дамыған елдерде дүниеге келген әр балаға қомақты қаражат бөлінеді. Ал бізде бүкіл салмақты әйелдерге артып қойғанбыз.Қит етсе, барлық проблемаға әйел кінәлі. Бала дұрыс тәрбиеленбесе де анасы кінәлі. Асырай алмаса да, әйел кінәлі. Ер-азаматтардың көбі отбасындағы бүкіл ауыртпалықты әйелге артып, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін әлсіз боп кеткен. Бәріне топырақ шашпаймын әрине. Нар тұлғалы азаматтарымыз көп қой. Соның кесірінен қазіргі қоғамда әйелдер нәзіктігін жоғалтып, ал ерлеріміз күштілігін жоғалтып, құндылықтарымыздан айырылып бара жатқандай сияқтымыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.